Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Жол апатының статистикасы әлі де жабырқатып тұр. Былтыр өңірде 980 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 147 адам қаза тапқан. 1 147 адам түрлі деңгейдегі дене жарақатын алған. Қауіпсіздік шаралары күшейтілгенімен, апат санының азаятын түрі байқалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында да осы тақырып аясында қойылған сұраққа жауап бере отырып, мәселенің өте өзекті екенін және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаңа технологияларды енгізіп, жасанды интеллект жүйесін кеңінен қолдану қажеттігін атап өтті.
Көлік апаты – Үкіметтің үнемі назарындағы мәселе. Президент қыркүйек айындағы Жолдауында да жол қауіпсіздігіне айрықша назар аударып, оны халықтың өмірі мен денсаулығына тікелей ықпал ететін маңызды фактор ретінде атап өтті.
Қазір жол-көлік оқиғалары жекелеген құқық қорғау органдарының жұмыс аясынан әлдеқашан шығып, мемлекеттік деңгейдегі өзекті әлеуметтік проблемалардың біріне айналды. Өйткені әрбір жол апатының артында адам тағдыры, отбасының қайғысы, қоғамның орны толмас шығыны тұр.
Мемлекет басшысы «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселесіне тағы да арнайы тоқталып, бұл түйткілдің жаһандық сипатқа ие екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, жол апаттарының көбеюіне әсер етіп отырған негізгі факторлардың бірі – автокөліктер санының қарқынды өсуі. Бұл үрдіс тек бізге ғана тән емес, көптеген мемлекеттерде байқалып отыр.
Ресми деректерге сүйенсек, елімізде автокөліктер саны бір жылдың ішінде 300 мыңға артса, кейінгі бес жылда бұл көрсеткіш 1,7 миллионға жеткен. Бұған қоса, еліміз аумағы арқылы жыл сайын шамамен 3 миллион транзиттік автокөлік өтеді. Мұндай ауқымды қозғалыс жол инфрақұрылымына түсетін салмақты арттырып, көлік ағынын күрделендіре түсетіні анық. Сала мамандары да автокөлік саны ұлғайған сайын жол-көлік оқиғаларының орын алу қаупі жоғарылайтынын алға тартады.
Осыған байланысты мемлекет тарапынан жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты әрі жүйелі шаралар қолға алынып келеді. Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелері сақталуын бақылауды күшейтіп, құқық бұзушылықтарды анықтау мен олардың алдын алу жұмыстарын жандандырып отыр. Сонымен қатар жол инфрақұрылымын жаңғырту, заманауи бақылау тетіктерін енгізу, бейнебақылау жүйелерін кеңінен қолдану жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Айыппұл мөлшерінің ұлғаюы да жазалау мақсатынан бұрын, жол үстіндегі тәртіпті қалыптастырып, адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде қарастырылып отыр.
Бұл шаралардың барлығы жол қозғалысына қатысушы әрбір азаматтың жауапкершілігін арттырып, қауіпсіз әрі мәдениетті көлік жүргізу ортасын қалыптастыруды көздейді.
Жолдағы әрбір ереже – адам өмірін қорғау үшін жазылған. Алайда оны елемейтіндер азаймай тұр. Облыстық полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасының бастығы Бағдат Кәкімовтің айтуынша, жол-көлік оқиғаларына көбіне шамадан тыс жылдамдық асыру, қарсы жолаққа шығу, жаяу жүргіншіні өткізбеу, мас күйінде рөлге отыру себеп болады.
– Бұл – салғырттықтың салдары, жауапсыздықтың көрінісі. Жүргізуші жол ережесін білмеуі мүмкін, бірақ көбіне оны біле тұра бұзады. Ал мұндай немқұрайдылықтың өтеуі тым ауыр – адам өмірі. Сондықтан рөлге отырған әр адам бір сәттік асығыстықтың орны толмас қасіретке айналуы мүмкін екенін ұмытпауға тиіс, – дейді ол.
Облыс аумағында жол қауіпсіздігі мәселесі әлі де өткір күйінде қалып отыр. Жоғарыда аталған статистика – әр цифрдың артында тағдыр, әр деректің астарында орны толмас өкініш тұрғанын аңғартатын ауыр көрсеткіш.
Осындай жағдай жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл әрі заманауи шешімдер қабылдауды күн тәртібіне шығарды.
Жүргізілген талдау түнгі уақытта болатын жол апаттарының басты себептерінің бірі – жүргізушілердің ұйқылы-ояу күйде көлік басқаруы екенін көрсетті. Осыған байланысты облыстық полиция департаменті «ҚазАвтоЖол» АҚ-мен бірлесіп, елімізде алғаш рет аркалы конструкцияларға орнатылған қуатты әрі төмен интенсивті лазерлерді қолдану жүйесін енгізу туралы шешім қабылдады. Қазір мұндай 11 нысан іске қосылған. Инновациялық жүйе жүргізушінің назарын арттырып, ұйқышылдықты сейілтуге ықпал етеді. Нәтижесінде, түнгі уақытта болатын апаттардың алдын алуға нақты мүмкіндік туып отыр.
Жол-көлік оқиғаларының тағы бір негізгі себебі – жылдамдық режімінің сақталмауы. Бұл мәселені тежеу мақсатында елді мекендерде және республикалық маңызы бар автожолдарда жылдамдықты автоматты түрде тіркейтін «Екин-Патрол» кешендері, сондай-ақ жасырын патрульдеуге арналған «Оракул» жүйелері кезең-кезеңімен орнатылып жатыр. Аталған технологиялар тек заң бұзушылықты тіркеумен шектелмей, жүргізушілердің жауапкершілігін арттыруға, тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне де айрықша назар аударылып келеді. 2024 жылғы
1 шілдеден бастап Қарағанды және Теміртау қалаларында «Argus-жаяу жүргінші» автоматтандырылған бақылау кешендері іске қосылды. Бұл жүйе жаяу жүргіншіге жол бермеген жүргізушілерді автоматты түрде анықтайды. Ал жалпы тағы осындай 15 кешен сатып алу жоспарланып отыр.
Бұдан бөлек, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалатын жол ережесі бұзушылықтарын анықтауға мүмкіндік беретін, бет-әлпетті тану функциясы бар «Ақылды жаяу жүргіншілер өткелі» кешенін тестілік режімде енгізу көзделген. Бұл бастамалар жолдағы қауіпсіздікті технология арқылы қамтамасыз етудің жаңа кезеңіне жол ашпақ.
Қарағанды облысы
Соңғы жаңалықтар
Білім • Бүгін, 08:15
Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым
Университет • Бүгін, 08:12
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10
Гүлмираның «yoonee.ai» платформасы
Digital • Бүгін, 08:08
Жастар кәсіпкерлігі: қолдау бар, қайтарымы қалай?
Бизнес • Бүгін, 08:05
Аймақтар • Бүгін, 08:03
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00
Жедел жәрдем автопаркі жаңарды
Аймақтар • Бүгін, 07:55
Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50
Алматы • Бүгін, 07:45
Театр • Бүгін, 07:40
Спорт • Бүгін, 07:35
Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30
Петропавлда хабар-ошарсыз кеткен 18 жастағы жігіттің мәйіті орманнан табылды
Оқиға • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде түман түсіп, боран соғады
Ауа райы • Кеше