Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, ақылы Астана–Павлодар автожолымен тәулігіне шамамен 5 мың көлік қатынайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Жолдың жалпы ұзындығы – 375 шақырым. Оның 24 шақырымдық бөлігі (230–254 км аралығы) әлі пайдалануға берілмегендіктен, бұл учаскеде ақы алынбайды.
Өңірлік полиция департаментінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері облыс аумағында 188 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 10 адам қаза тауып, 283 адам жарақат алған. Ал өткен жылдың осы кезеңінде 234 апат тіркеліп, 13 адам көз жұмып, 323 адам зардап шеккен.
Полиция мәліметінше, биыл қыс мезгілінде жол-көлік оқиғалары шамамен 20%-ға азайған. Бұған Астана бағытындағы жолда жылдамдықты сағатына 110 шақырымға дейін шектеу енгізу әсер еткен.
Бірақ Ішкі істер министрлігінің дерегі бұл көрсеткіштерге қайшы келеді. Ведомство мәліметінше, биылғы қыс айларында Астана–Павлодар автожолында 11 жол апаты тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп.