Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
«АЖ» редакциясына хабарласқан жүргізуші "Ақтөбе-Атырау-Астрахан" жолындағы берекетсіздік туралы хабарласты.
Айтуынша жол белгісі тұсына топырақ үйіліп қойылғандықтан кейбір жүргізушілер сол топыраққа соғысып көліктерін бүлдірген.
- Топырақ ескерту жол белгісінен қашық болмай ма, мұның заңдылығына кім жауап береді?-дейді хабарласқан адам.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 5 қаңтар күні тас жолдың 597 шақырым тұсында "Ақжол" ЖШС-не жол жұмыстарын жүргізу кезінде, жол қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында уақытша қойылған жол белгілерін ҚР СТ 1412-1017 сәйкес орнатпағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 631 бабымен әкімшілік хаттама толтырылған.
Осылайша, жұмыстарды ұйымдастыру барысында заң бұзушылық фактісі ресми түрде тіркелді. Алайда полицияның жауабында кемшіліктердің жойылғаны және көліктері зақымданған жүргізушілерге өтемақы қарастырылған-қарастырылмағаны нақтыланбаған.
Редакция аталған жол учаскесіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары мен мердігердің жауапкершілігі туралы қосымша сауал жолдады.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Әлеуметтік желіден алынған видео
Бүгін, 13:07