Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қарасай ауданындағы Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен 3680 метр биіктікте Алматы мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары 2008 жылы туған екі жасөспірімге көмек көрсетті.
Таудан түсу кезінде жасөспірімдер бағыттан адасып қалған.
"Құтқарушылар оларды тауып, "Аюсай" бөгетіне дейін ертіп келді. Жасөспірімдер медициналық көмекке мұқтаж болмады. Осыдан кейін оларды туыстары қарсы алып, қалаға жеткізді", - деп хабарлады ТЖМ.
Құтқарушылар тауға жорыққа шығушыларға сапар алдында маршрутты алдын ала жоспарлау, ауа райы жағдайын ескеру және жақындарына баратын жері мен болжамды оралу уақыты туралы хабарлау маңызды екенін еске салды.
“3020 метр биіктікте“: шетелдік турист Алматы тауларында адасып кетті
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу