Жолдардағы су шаю қаупі бар 229 учаске Көлік министрлігінің бақылауына алынды

13.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Кеңес барысында көктемгі су тасқыны кезеңінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары мен теміржол желілерінде қауіпсіз әрі үздіксіз қозғалысты қамтамасыз ету шаралары қарастырылды.

— Қазіргі уақытта республикалық автожолдарда жалпы ұзындығы 160 шақырымды құрайтын су шаю қаупі бар 229 учаске бақылауға алынған. Аталған учаскелерге 2252 бірлік техника бекітіліп, күнделікті мониторинг жүргізіліп отыр, — делінген хабарламада.

Фото: Көлік министрлігі

Алдын алу шараларын қабылдау мақсатында 40 мың м³ бут тасы, 16 мың м³ құм, 5 мың м³ қиыршық тас және 23 мың м³ құм-қиыршық тас қоспасы, сондай-ақ 280 мың қап дайындалды. Сонымен қатар, тасқын суды кедергісіз өткізу үшін су өткізгіш құбырларын тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Су басу қаупі бар учаскелерде 2025 жылы 582 жаңа су өткізгіш құбыр орнатылды, ал 2026 жылы тағы 467 құбыр орнату жоспарланып отыр.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде соңғы төрт жылда республикалық автожолдардағы су басу қаупі бар учаскелер саны 396-дан 229-ға азайды.

Фото: Көлік министрлігі

— Теміржол желісінде жоспарлы түрде 290 вагоннан тұратын 45 пойыз жасақталды. Олар қажетті құрал-жабдықтармен, инертті материалдармен, бут тасымен және металл көпір құрылымдарымен қамтамасыз етілген, — деп хабарлады ведомстводан.

Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлерінде 2350 көпір, 4426 су өткізгіш құбыр, 1215 км кювет және 336,8 км таулы арықтар толық тазартылды. Бұл жоспарланған жұмыстың 100 пайызын құрайды. Солтүстік өңірде аталған нысандарды тазарту жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасады. 
Су тасқыны кезеңінде жедел әрекет ету үшін қажетті құрылыс материалдары да дайындалды. Атап айтқанда, 2,5 мың м³ бут тасы, 7,4 мыңнан астам темірбетон шпалдар, 10 инвентарлық металл аралық құрылымдар және 41 инвентарлық рельстік пакет әзірленді.
Кеңес қорытындысы бойынша вице-министр «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ, Жол активтері сапасының ұлттық орталығы РМК, «ҚТЖ» ҰК» АҚ МЖБ және жергілікті атқарушы органдарға су басу қаупі бар учаскелерде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды, іс-қимылды үйлестіру үшін жұмыс топтарын құруды және жағдайға тұрақты мониторинг жүргізуді тапсырды.
Көлік инфрақұрылымын су тасқыны кезеңіне дайындау жұмыстары Көлік министрлігінің ерекше бақылауында.

Бүгін Ұлытауда 27 елді мекен су тасқыны қаупі бар аймақта орналасқаны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью