Жолдардың мүшкіл жағдайына қатысты азаматтар шағымы азаймай тұр Премьер минстр

03.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Биыл Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында жаңа автожол жобаларын жүзеге асыруға баса назар аударған еді.

– Елімізде негізгі халықаралық көлік дәліздері стратегиялық бағыт ретінде қалыптасып келеді. Ендігі кезекте өңіраралық жолдарды дамытуға көңіл бөлу қажет. «Қарағанды-Жезқазған», «Бейнеу-Сексеуіл» және басқа да жобалар бойынша биыл барлық қажетті жобалық құжаттаманы әзірлеп, қаржыландыру мен жер учаскелерін резервке қою мәселелерін шешу керек, – деді О. Бектенов Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Сонымен бірге, Астана, Арқалық және Ырғызды байланыстыратын «Орталық-Батыс» жобасын жеделдету қажеттігі айтылды.

– Жолдардың сапасы мен қауіпсіздігіне баса назар аударғым келеді. Былтыр жергілікті жолдар мен көшелердің мүшкіл жағдайына қатысты азаматтардан келіп түскен шағымдар саны 1,5 есеге артып, 60 мыңға жуықтаған. Биылдың өзінде шамамен 7,5 мың шағым тіркелді. Әкімдіктер азаматтардың өтініштеріне жедел жауап беруге тиіс. Уақытылы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол жөндеу барысына бақылауды күшейту қажет, – деді Үкімет басшысы.

Мәселен, тұрғындар Доссор-Ақтау, Атырау-Орал жолдарының жағдайы нашар екенін айтып келеді.

Ал туризм саласының өкілдері Жетісу және Абай облыстарында, оның ішінде Алакөлге апаратын өңірлік жолдарды күтіп-ұстау жұмыстарының сапасына шағымданды.

– Сапалы жолдар – жайлы әрі қауіпсіз қозғалыс қана емес, ол өңірлердің экономикалық өсуі мен инвестициялық тартымдылығын арттыруға да мүмкіндік береді. Жол құрылыстары мен жөндеу жұмыстарында технологияларды қатаң сақтау, жобаларды уақытылы іске асыру – тек Көлік министрлігінің ғана емес, әкімдіктерге де қатысты мәселе. Оны бірінші басшылар тұрақты бақылауда ұстауға тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Сонымен бірге, Премьер-министр жол бойындағы сервисті дамытуға көңіл бөлуді тапсырды. Шекаралық өткізу бекеттері маңында да жүргізушілерге қызмет көрсететін сервистік нысандар ашылуы қажет.

– Транзиттік тасымал көлемінің артуына байланысты ауыр жүк көліктеріне де сапалы қызмет қажет. Сервистік сегменттің бұл түріне сұраныс жоғары, оны отандық бизнес ұсына алады, – деді Премьер-министр.

Айта кетейік, елімізде ақылы жолдар қатарына тағы 6 учаске қосылады. Ақылы жолда ақау анықталса, төлем уақытша тоқтатылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью