Жолдау жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

30.10.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кешегі жасаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды міндеттер айқындалды. Соның ішінде цифрландыру, жасанды интеллект және ақпараттық технологияларды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Бұл – қазіргі заман талабынан туындаған маңызды қадам. 

Президент жолдауында жасанды интеллектіге негізделген цифрлық экономиканы қалыптастыру қажеттігі атап өтілді. Жасанды интеллект бүгінде тек IT саласында ғана емес, медицина, білім беру, ауыл шаруашылығы, өндіріс және мемлекеттік басқару жүйесінде де кеңінен қолданылып келеді. Мысалы, медицинада ауруларды ерте анықтауға, ауыл шаруашылығында өнімділікті арттыруға, ал өндірісте жұмыс тиімділігін көтеруге мүмкіндік береді. Сондықтан еліміз үшін осы технологияларды тиімді пайдалану және отандық жасанды интеллект жүйелерін дамыту аса маңызды.

Президент мемлекеттік басқару жүйесін цифрландыру мәселесіне де ерекше тоқталды. Цифрландыру тек құжаттарды электрондық форматқа көшіру емес, ең алдымен, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға бағытталуы керек. Жасанды интеллектіні тиімді қолдану мемлекеттік қаржыны дұрыс жоспарлауға, артық шығындарды азайтуға және басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге көмектеседі. Ең бастысы, енгізілген әрбір технология азаматтардың күнделікті өмірін жеңілдетіп, нақты нәтиже беруі қажет.

Жалпы, Президент жолдауында айқындалған цифрлық даму бағыттары еліміздің технологиялық болашағына жаңа мүмкіндіктер ашады. Дегенмен бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік қолдаумен қатар, ғылым, білім және бизнес өкілдерінің бірлескен жұмысы қажет. Қазақстанның IT саласында білікті мамандар, талантты жастар және жаңа идеяларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әлеует бар. Ендігі міндет – осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, нақты нәтижелерге қол жеткізу.

Біздің басты мақсатымыз – технологияны тек тұтынатын емес, оны өзіміз жасап, дамытатын елге айналу. Өйткені цифрлық Қазақстанның болашағы жаңа технологиялармен ғана емес, сол технологияларды жасайтын білімді, білікті және жаңашыл азаматтармен тығыз байланысты.

Арман ЕЛЕУСІНОВ,

ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультеті Компьютерлік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью