Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Алматы тұрғыны жолда қорқынышты жағдайға тап болғанын айтып берді. Әйелдің сөзінше, белгісіз ер адам оның көлігін ұзақ аңдып, соңынан ерген, кейін оған "қару" кезенген. Полиция оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі.
"Көлік соңымнан қалмады"
Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде видео жариялады.
Кадрлардан ақ түсті көлік мінген ер адам әйелдің жолын бөгеп, оған автоматқа ұқсайтын зат кезенгенін көруге болады.