Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы болашақтың қаласы Алатаудағы Еңбек шағынауданына барып, тұрғындармен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл аумақ бұған дейін Жетіген кентіне жақын орналасқан ауыл ретінде белгілі болған.
Дауыс беруге тура бір апта қалды. 22 тамыз - тыныштық күні, ал 23 тамызда Құрылтай сайлауы өтеді, - деді партия өкілдері.
Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі білім беру саласы болды. Атап айтқанда, ауыл мектептерінде жұмыс істейтін мұғалімдерге берілетін 25 пайыздық үстемеақының алынып тасталуы мәселесі талқыланды. Тұрғындар өз пікірлерін білдіріп, назар аударуды және шешім қабылдауды қажет ететін мәселелерді көтерді.
Сонымен қатар кездесуге қатысушылар қазіргі саяси аренадағы саяси партиялардың рөлі мен қызметі туралы өз пікірлерін білдіріп, күтілімдерімен бөлісті және ЖСДП өкілдеріне өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.
Өз кезегінде ЖСДП- ның Алматы облыстық филиалының өкілдері партияның қызметі, ұстанымы және сайлауалды бағдарламасы туралы айтып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ ЖСДП-ның ақпараттық және үгіт-насихат материалдарын таратты.