Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
ЖСДП Төрағасы Асхат Рахимжанов және ЖСДП-дан ҚР Құрылтайы депутаттығына үміткерлер Зеренді ауылындағы Орталық аудандық аурухананың медицина қызметкерлерімен кездесу өткізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Кездесу барысында денсаулық сақтау жүйесін дамыту, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру мәселелері талқыланды.
Медицина қызметкерлері өздерінің кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, күнделікті қызмет барысында кездесетін өзекті мәселелерді көтерді. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныстарда талыға салынды.