ЖСДП кандидаттары Шымкентте медицина қызметкерлерімен кездесті

03.08.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Кездесу Шымкент қаласындағы №1 қалалық клиникалық ауруханада өтті. Іс-шараға ЖСДП Шымкент қалалық филиалы төрағасының міндетін атқарушы, Құрылтай депутаттығына кандидат Қуандық Нұржау, партия белсендісі Алмасхан Еспаев, медицина қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Құрылтай бірінші кезекте қандай мәселелерді көтеруі керек?

Кездесудің негізгі мақсаты - Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдау болды.

ЖСДП Өскеменде Кәсіподақтардың республикалық конгресін өткізді

Жиын барысында Қуандық Нұржау партияның денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған басымдықтарына тоқталып, азаматтардың сапалы әрі қолжетімді медициналық көмек алуын қамтамасыз ету, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсарту және олардың әлеуметтік қорғалуын арттыру бағытында қолға алынатын бастамалар туралы айтты.

«Дәрігердің еңбегі - жай ғана мамандық емес, бұл үлкен жауапкершілік пен адам өміріне деген адал қызмет. Сол себепті Сіздерді толғандыратын мәселелерді тыңдап, оларды шешудің нақты жолдарын бірге талқылауға келіп отырмыз. Өйткені, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласына ерекше басымдық берілген. Сапалы медицина - әр азаматтың негізгі құқығы. Адамның өмірі мен денсаулығы ешқашан қаржыға немесе тұрғылықты жеріне тәуелді болмауға тиіс»,- деді Қуандық Оңдасынұлы. Сонымен қатар ол бүгінде медицина саласында оң өзгерістермен қатар, шешімін күтіп тұрған мәселелер де аз емес екенін алға тартты. «Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі, мамандар тапшылығы, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты сұрақтар, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, медицина қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы - халық та, дәрігерлер де күн сайын көтеріп жүрген өзекті мәселелер. Сондықтан біздің партия ең алдымен денсаулық сақтау саласын мемлекеттік қаржыландыруды кезең-кезеңімен арттыруды ұсынады. Бұл халықаралық тәжірибеге сәйкес жүзеге асырылып, бөлінген қаражаттың әр теңгесі тиімді әрі ашық жұмсалуы керек», деп атап өтті.

Сонымен қатар кездесуде дәрілердің тапшылығы мен мемлекет халыққа қажетті дәрі-дәрмектің тұрақты жеткізілуін қамтамасыз етуге міндетті екені де сөз болды. Сондай-ақ міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселесі де жан-жақты талқыланды. 

«Біз қандай бағдарлама қабылдасақ та, оның өміршеңдігі Сіздердің пікірлеріңізге байланысты. Сондықтан сіздердің ұсыныстарыңыз, сын-ескертпелеріңіз біз үшін өте маңызды. Сіздер айтқан әр ұсынысты жүйелі түрде жинақтап, көтерілген мәселелердің шешілуіне ықпал ету басты міндетімнің бірі болады. Өйткені халықтың денсаулығы - мемлекеттің ең басты байлығы», деді Қуандық Нұржау.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Медицина саласының қызметкерлері өздерін толғандырған мәселелерді көтеріп, Құрылтай депутаттығына кандидаттарға сауалдарын қойды. Сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге қатысты ұсыныс-тілектерін жеткізіп, саланы дамытуға бағытталған өз ойларымен бөлісті.

ОСК Құрылтай депутаттарын сайлауға арналған дауыс беру бюллетенін таныстырды

Кездесу соңында партия өкілдері көтерілген барлық ұсыныстар мен мәселелер назарға алынатынын, халықпен тұрақты кездесулер өткізу арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді зерделеп, оларды Қазақстан Республикасы Құрылтайы алаңында көтеруге және олардың шешілуіне ықпал етуге күш салатынын атап өтілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью