ЖСДП ның өкілдері павлодарлық жұмысшылардың жағдайымен танысты

17.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиядан (ЖСДП) ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидат Роза Жүсіпова Павлодар облысының Шідерті кентіндегі «Қазсушар» РМК «Қаныш Сәтбаев атындағы канал» филиалының өндірістік-пайдалану учаскесі ұжымымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz. ЖСДП-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмысшылардың жағдайы, әлеуметтік кепілдіктер және өңірдегі су шаруашылығы жүйесінің ең маңызды нысандарының бірінің үздіксіз қызметіне қатысты мәселелер төңірегінде ашық әрі сындарлы диалог өтті. Тараптар гидротехниктер мен инженерлердің еңбек жағдайларына, инфрақұрылымды жаңғыртуға, сондай-ақ Шідерті кентінің коммуналдық-тұрмыстық проблемаларына ерекше назар аударды.

«Қаныш Сәтбаев атындағы канал – бүкіл өңірлердің тыныс-тіршілігі мен өнеркәсібінің дамуы тікелей байланысты болатын стратегиялық күретамыр. Алайда мұндай ауқымды нысанның тұрақты жұмысының артында мамандардың күнделікті, қажырлы еңбегі тұр. Дәл осындай еңбек ұжымдарымен тікелей кездесулер ғана ешқандай боямасыз әрі есептерсіз нақты жағдайды көруге және мәселелерді бірінші ауыздан естуге мүмкіндік береді. Бүгін айтылған жұмысшыларды әлеуметтік қорғаудан бастап, материалдық-техникалық базаны нығайтуға дейінгі барлық өтініштер міндетті түрде өндіріске алынып, біздің алдағы қызметімізде ескеріледі», – деп атап өтті ЖСДП-ның өкілі Роза Жүсіпова.

Кәсіпорын өкілдері өз кезегінде су саласы мамандарының түйткілді мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешудің маңыздылығын атап өтті.

«Біз үшін су саласының мәселелері мен еңбек адамдарының жағдайы назардан тыс қалмауы принципті түрде маңызды. Бүгін біз ұжымды толғандырған тақырыптарды, атап айтқанда, сала қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесін көтеру, жабдықтарды жаңарту және кент инфрақұрылымын дамыту қажеттілігін тікелей жеткізе алдық. Бұл диалог нақты нәтижелер береді деп сенеміз», – деді кәсіпорын жұмысшылары.

Ұжым тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен өтініштер тіркеліп, кандидаттың сайлауалды штабының сайлаушылар аманаттарының картасына енгізілді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью