ЖСДП Өскеменде Кәсіподақтардың республикалық конгресін өткізді

03.08.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Фото: ЖСДП

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) Өскемен қаласында Қазақстанның 20 кәсіподақ ұйымының қатысуымен «Еңбек. Әділеттілік. Ынтымақ» тақырыбында республикалық конгресс өткізді. Іс-шара партияның еңбек адамдарының құқықтарын қорғауға және еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

Қаладағы жастар ресурстық орталығында өткен конгрестің негізгі мақсаты – еңбеккерлердің өзекті мәселелерін талқылау, кәсіподақ қозғалысы институттарын нығайту және әлеуметтік мемлекет құру жөніндегі ұсынымдарды қалыптастыру болды. Талқылауға ЖСДП-дан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Асхат Рахымжанов, Максим Андрюшин, Ажар Сағандықова, Виктор Калгин арнайы келді. Сондай-ақ кәсіподақ ұйымдарының жетекшілері, сарапшылар мен партия белсенділері қатысты.

ЖСДП кандидаттары Астанада медицина қызметкерлерімен кездесті

Конгресс аясында ЖСДП-ның Құрылтай депутаттығына кандидаттары партияның 20 жылдық мерейтойына орай әзірленген «Прогресс жолындағы 20 белес» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырды.

ЖСДП төрағасы әрі Құрылтай депутаттығына кандидат Асхат Рахымжанов әлеуметтік мемлекет құру тең мүмкіндіктер мен лайықты еңбекақысыз мүмкін емес екенін атап өтті.

«Біз қазіргі ең төменгі жалақының 85 мың теңге болуын адамның өзін және отбасын лайықты деңгейде қамтамасыз етуіне жеткіліксіз екенін көріп отырмыз. Сондықтан біздің партия ең төменгі жалақыны кем дегенде 150 000 теңгеден жоғары болуы керек деп есептейді. Біз дамыған елдердің тәжірибесіне сүйене отырып тұтынушылық күнкөріс себетінің құрамын қайта қарауды ұсынамыз. Әсіресе өндіріс ошақтарында қызмет атқарған адамдар үшін регрестік төлемдерге қатысты мәселелерді шешуді және зиянды өндіріс орындарында еңбек ететін қызметкерлер үшін зейнеткерлік жасты төмендетуді талап етудеміз», деді Асхат Рахымжанов.

Партия төрағасы сондай-ақ еліміздің табиғи ресурстарын игеріп, аса жоғары пайда тауып отырған компаниялар прогрессивті салық салу жүйесі арқылы толық әлеуметтік және салықтық жауапкершілік арқалауы керек екенін айтты.

«Ал сайлау науқанына қатысып жатқан өзге саяси күштерге келетін болсам, өздерін солшылмыз деп танытып жүрген партиялар бүгінгі таңда іс жүзінде солшыл идеялардан әлдеқашан алыстап кеткен. Мәселен, Қазақстан Халық партиясы бизнесте конвертпен берілетін жалақы туралы айтып жүр, бірақ олардың бағдарламасында еңбек пен еңбеккерлердің құқықтарын нақты қорғау туралы бірде-бір сөз жоқ. Олар өзін тек атауы бойынша ғана социал-демократиялық партия ретінде көрсетеді. Ал ЖСДП – Қазақстандағы еңбеккерлердің құқықтарын шынайы қорғайтын әрі әлемнің 120-дан астам елін біріктіретін Социалистік интернационалдың толыққанды мүшесі ретінде халықаралық қауымдастық мойындаған жалғыз партия», деді партия төрағасы.

ЖСДП өкілдері медицина қызметкерлерінің еңбек құқықтарын қорғау мәселесін талқылады

Құрылтай депутаттығына кандидат Ажар Сағандықова партияның 20 жылдығы қарсаңында «Прогресс жолындағы 20 белес» атты бағдарламалық құжат әзірленгенін атап өтті.

«Онда адам құқықтарын қорғау мен әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған негізгі міндеттер қамтылған. Бүгінде инклюзия мәселесі жекелеген отбасылық мәселеден көтеріліп, бүкіл қоғам үшін маңызды міндетке айналды. Сонымен қатар технологиялардың қарқынды дамуы мен өндірістік үдерістердің автоматтандырылуы жағдайында біз төрт күндік жұмыс аптасын енгізуді ұсынамыз. Бұл азаматтарға отбасына, денсаулығына және өзін-өзі дамытуға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді. Себебі адами капиталды дамытпайынша, еліміздің жан-жақты дамуына қол жеткізу мүмкін емес», деді Ажар Сағандықова.

Құрылтай депутаттығына үміткер Максим Андрюшин өз сөзінде инвесторлар жұмысшылардың құқығы қорғалатын елге қаржы құйып, жұмыс істеуге ниетті екенін жеткізді.

«Инвесторлар сеніммен келетін және капитал тұрақты түрде тартылатын шын мәніндегі орнықты мемлекет тек толық әділеттілік қағидаттарына негізделуге тиіс. Кез келген инвестор еңбеккерлердің құқықтары сенімді қорғалатын елге ғана қаржы салып, жұмыс істеуге мүдделі. Біздің бүкіл сайлауалды бағдарламамыз бен идеологиямыз әлемдік социал-демократияның өзгермейтін ұраны – «Еркіндік. Әділеттілік. Ынтымақ» қағидатына негізделген», деді Максим Андрюшин.

ЖСДП кандидаттары Алматыда зауыт ұжымымен кездесті

Конгресс қатысушылары көтерген бастамалар партияның Құрылтайдағы нақты заң шығару қызметінің негізіне айналып, Қазақстанда әділетті әлеуметтік мемлекет құруға қызмет етеді деген ортақ пікір ұсынды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью