Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) жаңа Парламент - Құрылтай құрамына кіретін 8 депутатын анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Өткен сайлауда ЖСДП партиясы сайлаушылардың 5,11 пайыз дауысын жинады - оған 469 058 адам қолдау білдірді. Жаңа Парламентте партия 8 мандатқа ие болды.
Төралқа отырысының қорытындысы бойынша ЖСДП Құрылтай құрамына кіретін кандидаттар тізімін бекітті:
Асхат Рақымжанов - партия төрағасы, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, Социалистік интернационал халықаралық ұйымының вице-президенті; Мақсұт Нәсібулов – ЖСДП орталық аппаратының басшысы; Нұрайнаш Камалова – ЖСДП Атырау облыстық филиалының төрайымы; Лариса Ли – PANA жобасының жетекшісі; Аслан Құлмағамбетов - ЖСДП елордалық филиалының экологиялық саясат мәселелері жөніндегі талдаушысы; Арман Ақылбай – Әділет министрлігі Персоналмен жұмыс департаментінің директоры; Наурыз Сайлаубай – ЖСДП жастар қанатының жетекшісі, VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты; Ажар Сағандықова – VIII шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, ЖСДП әйелдер қанатының жетекшісі.Еске сала кетейік, Құрылтайға өту үшін партиялар дауыс берушілер жалпы санының кемінде 5 пайызын жинауы тиіс болатын.
23 тамызда Қазақстанда өткен сайлау қорытындысы бойынша Құрылтайға бес саяси партия өтті. Олардың арасында мандаттар келесідей бөлінді:
"Әділет" партиясы – 110 мандат; Жалпыұлттық социал-демократиялық партия (ЖСДП) – 8 мандат; "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 10 мандат; "Ақ жол" Қазақстан демократиялық партиясы – 8 мандат; Respublica партиясы – 9 мандат.Бұған дейін Құрылтай депутаттығына өз кандидаттарын "Ауыл" партиясы бекітті.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу