ЖСДП Қонаев қаласында тұрғындарымен кездесіп, үгіт насихат жұмысын жүргізді

12.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы Қонаев қаласының орталық саябағында қала тұрғындарымен кездесті, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты ЖСДП Орталық сайлауалды штабының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында партия өкілдері қатысушыларға ЖСДП-ның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, ақпараттық және үгіт-насихат материалдарын таратты.

Сонымен қатар қала тұрғындары мен зейнеткерлер қаладағы «Ұзақ өмір сүру орталығында» жеке ғимараттың болмауы мәселесін қозғады. Орталықтың тұрақты жұмыс істеуіне арналған жеке ғимараты жоқ екен. Жаз мезгілінде кейбір іс-шараларды ашық аспан астында өткізуге мүмкіндік бар. Бірақ күн суытып, қыс мезгілі басталған шақты ғимарат мәселесі ерекше өзекті бола түспек.

Кездесуге қатысушылар ЖСДП өкілдеріне орталыққа арнап жеке ғимарат салуды, зейнеткерлердің тұрақты түрде сабақ пен жаттығулары, мәдени және әлеуметтік іс-шаралар өткізетін қолайлы ғимараттың берілуін сұрады. 

Зейнеткерлер өздерін толғандыратын мәселелерді айтып қана қоймай, аға буын өкілдерінің өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.  ЖСДП-ның Алматы облыстық филиалы зейнеткерлердің лайықты өмір сүруі мен әлеуметтік қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мемлекеттік және қоғамдық саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтып, қарттарымызға қолдау үздіксіз жалғасы беру керектігін алға тартты.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью