Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов сайлаудың алдын ала нәтижелеріне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Экзитпол нәтижесі бойынша ЖСДП Қазақстан Республикасы Құрылтайының алғашқы сайлауында сайлаушылардың 5% аса қолдауына ие болды.
Алғашқы болжамды нәтижеге байланысты ЖСДП төрағасы Асхат Рақымжанов, партияға сенім артқан барша қазақстандықтарға, сондай-ақ бүкіл сайлау науқаны бойы партияластармен бірге болған белсенділер мен еріктілерге шынайы алғысын білдірді.