Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
16 миллион қазақстандықтың деректері интернеттің "қара сегментінде" – Darknet-те сатылған болуы мүмкін. Бұл нұсқаны жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мүсәлиев миллиондаған азаматтың дербес деректері бар базаның коллекторлық агенттік қызметкерлерінің қолына қалай түскені туралы сұраққа жауап бере отырып айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Деректер қалай тарап кетуі мүмкін?
Досжан Мүсәлиевтің айтуынша, 16 миллион азаматты қамтитын ауқымды база жылдар бойы жинақталып, "сыртқа шығып" кетуі мүмкін. Ал коллекторлар, болжамдардың біріне сәйкес, оны Darknet-тен сатып алуы ықтимал.
Коллекторларда барлық дерлік қазақстандықтың деректері болған"Менің пайымдауымша, бұл 16 миллион жазба жылдар, тіпті ондаған жылдар бойы жинақталған. Сірә, даркнетте сатылатын бірыңғай база бар болуы керек және олар ақпаратты содан алған болуы мүмкін. Бірақ бұл тек болжам ғана", – деп түсіндірді Мүсәлиев.
Осы жылдың маусым айында Жетісу облысында 16 миллионға жуық қазақстандықтың дербес деректері бар база тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, коллекторлық агенттік қызметкерлері миллиондаған азаматтың мәліметтерін заңсыз пайдаланған. Олардың ЖСН, телефон нөмірлері мен мекенжайларға қолжетімділігі болған.
Істі тергеумен полиция, прокуратура және ҰҚК айналысып жатыр.
Деректер бұған дейін де тараған2025 жылдың жазында желіде 16 миллион қазақстандықтың дербес деректері пайда болды. Ол кезде Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі деректердің тарап кетуіне жүйені бұзу емес, деректер базасына "заңды қолжетімділікті заңсыз пайдалану" себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған болатын. Тексеру көрсеткендей, ақпараттың басым бөлігі 2022 жылы ұрланған.
Кейінірек, биыл сәуір айында Қазақстанда азаматтардың дербес деректерін заңсыз жинау және сату бойынша қылмыстық іс тергеліп жатқаны белгілі болды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу