Жұбанов туралы жинақ

08.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

«Мазмұндама» баспасынан қазақтың кәсіби музыка өнерінің негізін салушы Ахмет Жұбановтың тағылымға толы өмір жолы баяндалған «Ахмет Жұбанов кім?» атты кітап жарық көрді.

Кітап авторы – «Egemen Qazaqstan» газетінің Білім және ғылым бөлімінің тілшісі, белгілі жас қаламгер Бекзат Құлшар. Әріптесіміздің «Ахмет Жұбанов кім?» атты бұл жинағында белгілі тұлғаның балалық шағынан бастап өнердегі алғашқы баспалдақтары, ұлттық оркестрді құру тарихы, ел ішіндегі таланттарды іздеп табу оқиғалары сынды қалың жұртшылыққа беймәлім деректер жетерлік.

Мәселен, Ахмет Жұбанов өзінің жеті жас үлкен туған ағасы, қазақтың тіл білімі саласындағы алғашқы профессоры Құдайберген Жұбанов екеуі мектеп табалдырығын бірге аттағаны, ұстаздары Құдайбергенді «бірінші Жұбанов», ал Ахметті «екінші Жұбанов» деп атайтыны, сол кезде сыныптағы балалардың ең кішкентайы болған, партадан бойы әрең көрінетін Ахметтің қызықты оқиғалары оқырманды өзіне баурап алады. Ал кітапты оқып отырғанда ұлттық оркестр құру жолында күресіп, алған бетінен қайтпаған тұлғаның ерлігін еріксіз мойындайсыз. Сондай-ақ ауыл­ауылды аралап, күйшілерді іздеп тауып, ел ішінде ұмытыла бастаған шығармаларды нотаға түсіріп, қазақтың тұңғыш ұлттық аспаптар оркестрін құрып, бұрын жеке-жеке тартылатын домбыра, қобыз, сыбызғы, сырнай секілді аспаптардың үнін бір арнаға тоғыстырған музыканттың ұшан-теңіз еңбегіне бас иесіз.

Ахмет Жұбанов 6 жастағы Нұрғиса Тілендиевтің қабілетін байқап, музыка сыныбына оқуға түсіргені, 70 жастан асқан күйші Дина Нұрпейісованы еліміздің батыс аймағынан Алматыға көшіріп алғаны, тағы да басқа таланттарды ел арасынан іздеп тауып, кәсіби музыкаға баулығаны сынды тағылымды деректер әлі де індете зерттелуге тиіс. Әріптесіміз сол тағылымды миссия жолына осы бір шағын кітабымен түскенін аңғардық.

Соңғы жаңалықтар

17%-ға жуық өсім: Қазынаға 6,4 триллион теңге түсті

Экономика • Бүгін, 09:54

Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді

Инфляция • Бүгін, 09:40

Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:17

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью