Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Ел аумағында өткен жалпыхалықтық референдумға жамбылдық жамағат та жұмылған жұдырықтай қатысып, белсенділік танытты. Өңірде 523 референдум учаскесі жұмыс істеді. Аймақта 726 мыңнан астам адам таңдау құқығына ие болса, олардың басым бөлігі саяси науқанға қатысты.
Алғашқылардың бірі болып №35 референдум учаскесіне келген өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бұл саяси науқанның ел ертеңі үшін маңызды екенін атап өтті. Облыс орталығы Тараз қаласы мен он ауданда да референдум учаскелеріне ағылған жұрт аз болған жоқ. Олардың дені түске дейін таңдау жасап үлгерді. Тараз шаһарындағы учаскелерде Ұлыстың ұлы күніне орай ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылып, қазақы дәстүр дәріптелді.
№464 референдум учаскесіне келген жүзу спортынан Рио-де-Жанейро Паралимпиадасының чемпионы Зүлфия Ғабидуллина тағдыршешті саяси науқанға қатысу әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
«Жылдар жылыстаған сайын уақыт жаңашылдықты талап ететіні баршамызға белгілі. Сол тұрғыдан алып қарағанда, Ата заңға да өзгерістер енгізіліп жатқаны заңдылық. Бұл үрдіс әлемнің көптеген дамыған мемлекетінде де бар екенін білеміз. Ел ертеңі үшін маңызы зор мұндай науқанда әр адам өз таңдауын жасауға тиіс. Сол үшін де учаскеге ертерек келіп, азаматтық борышымды өтедім. Тәуелсіз еліміздің ертеңі жарқын болсын. Ел дамуы үшін атқарылып жатқан әр қадам сәтті болғай», деді ел мақтанышы.
Тараздық 101 жасар кейуана Разия Әділованың өтініші негізінде қаладағы №42 референдум учаскесінің комиссия мүшелері үйіне арнайы барды. Өз таңдауын жасаған ақжаулықты әже ел болашағы үшін атқарылып жатқан жұмыс сәтімен жалғасуына тілектестігін білдіріп, ақ батасын берді.
Республикалық референдумға қатысқан Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университетінің ректоры Кәмшат Түсіпованың айтуынша, Ата заңның жаңа жобасында ғылым және білім салаларын дамытуға айрықша басымдық берілген. «Саяси құжатта білім мен ғылым салаларын өркендету, жаңа биікке көтерілуіне басымдық беру мәселесі кеңінен қамтылғаны көңіл қуантады. Бұл – жай ұран немесе декларативті құжат емес, мемлекет дамуының құқықтық негізін қалыптастыратын стратегиялық бағыт», дейді ол.
Бұл күні дзюдо күресінен Олимпиада чемпионы Елдос Сметов, «Қазақстан барысы» жобасының жеңімпазы Ғалымжан Қырықбай, грек-рим күресінен Азия чемпионы Ержет Жарылқасынов, бокстан Азия чемпионы Олжас Сәттібаев бастаған өзге де өңірдің беткеұстар спортшылары референдум учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
Облыстық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкеловтің айтуынша, саяси науқанға дайындық жұмысы жан-жақты жүргізілгендіктен, 513 учаскенің барлығында референдум заңға сәйкес өткен.
Жамбыл облысы
Соңғы жаңалықтар
Тоқаев: Дауыс берушілер саны бойынша ең жоғары рекордтық көрсеткіш тіркелді
Президент • Бүгін, 03:15
Бұл мәселе бойынша ешқандай күмәнім жоқ: Президент экзит-полл қорытындысымен танысты
Президент • Бүгін, 03:10
Елена Рыбакина Индиан-Уэллс турнирінің финалында жеңіліп қалды
Теннис • Бүгін, 02:51
Мемлекет басшысы: 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді
Президент • Бүгін, 02:23
Референдум-2026: Үшінші Exit poll нәтижелері жарияланды
Референдум • Бүгін, 02:05
«Социс-А» Еxit poll нәтижесін жариялады: Азаматтардың 87,4%-ы жаңа Конституцияны қолдаған
Референдум • Бүгін, 01:58
Референдум: Желіде жалған ақпараттық шабуылдар тіркеліп жатыр
Референдум • Бүгін, 01:03
Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Бүгін, 00:40
Exit poll нәтижесі: Ел тұрғындарының 86,7%-ы жаңа Конституцияны қолдады
Референдум • Бүгін, 00:25
Қазақстан бокс құрамасы Futures Cup турнирінде үш алтын медаль жеңіп алды
Бокс • Кеше
Алматылықтар соңғы 5 жылдағы ең жоғары дауыс беру белсенділігін көрсетті
Аймақтар • Кеше
ІІМ: Референдум учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзылған жоқ
Референдум • Кеше
16 наурызда елімізде ауа райы құбылмалы болады
Ауа райы • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев: Біз Иран халқына құрметпен қараймыз
Президент • Кеше
Референдум күні Алматыда 44 сәби дүниеге келді
Референдум • Кеше