Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Сыр өңірінде жүгеріні терең өңдейтін жаңа өндіріс орнының іргетасы қаланды. Жоба агроөнеркәсіп кешенін дамыту және өңдеу саласын кеңейту бағытындағы маңызды қадамдардың бірі саналады.
Аталған бастама былтыр Қызылорда облысынан барған делегацияның Жетісу өңіріне жұмыс сапары барысында қолға алынған еді. Сапар аясында ауыл шаруашылығы құрылымдарының өкілдері еліміздегі ірі өндіріс орындарының бірі – «Жаркент крахмал-сірне зауытының» жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. Келіссөз нәтижесінде Сырдария ауданында жүгері дақылын терең өңдейтін зауыт салу жөнінде нақты уағдаластыққа қол жеткізілді.
Жаңа өндіріс орны жылына 150 мың тонна жүгері дақылын өңдейді. Құны 40 млрд теңге болатын зауыт заманауи талаптарға сай жоғары сапалы технологиялармен жабдықталып, 550 адамға тұрақты жұмыс табылады.
Биылдан бастап өңірде жүгері егісінің көлемі 15 мың гектарға жетпек. Өңірдің аграрлық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін өнім алқаптары жыл сайын артып, терең өңдеуге бағытталған жүгері өндірісін қолға алған шаруаларға мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетіледі.
Кейінгі 3 жылда мемлекет тарапынан аграрлық саланы қолдауға 92,4 млрд теңге бөлінген. Биыл бұл мақсатқа 34 млрд 800 млн теңге қарастырылып, шаруашылықтар есебінен 58 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды.
Былтыр ауыл шаруашылығында 11 млрд 600 млн теңгенің 16 инвестициялық жобасы іске қосылып, саланың негізгі қорына тартылған инвестиция көлемі 74 пайызға артқан.
2026–2028 жылдарға арналған инвестициялық жобалардың жол картасы әзірленіп, оған 138 млрд 200 млн теңгенің 17 жобасы енгізіліпті. Жүйелі жұмыстың арқасында жалпы өнім көлемі жыл сайын өсіп келеді.
Өткен жылы бұл көрсеткіш 233 млрд 450 млн теңге болса, биыл 240 млрд 400 млн теңгеге жеткізу жоспарланған.
Қызылорда облысы
Соңғы жаңалықтар
Табыс теңгерімі: Жалақы мен баға арақатынасы
Экономика • Бүгін, 08:17
Жүгері өңдеу зауытының құрылысы басталды
Құрылыс • Бүгін, 08:15
Қазақстан • Бүгін, 08:13
Шаруашылық • Бүгін, 08:10
Ата заң нормаларын танымалдандыру маңызды
Ата заң • Бүгін, 08:07
Президент тапсырмасына сай экономиканы ырықтандыру жайы пысықталды
Саясат • Бүгін, 08:05
Геологиялық әлеуетті күшейту – басым бағыт
Саясат • Бүгін, 08:03
Саясат • Бүгін, 08:00
Қытай блогері «Достық» орденімен марапатталды
Саясат • Бүгін, 07:57
Парламентаралық диалог: Жоғары деңгейдегі сенім мен түсіністік
Саясат • Бүгін, 07:55
Ауыл шаруашылығын цифрлық бақылауға алу қажет
Сенат • Бүгін, 07:50
Саясат • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды
Спорт • Кеше
Ертең еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше