Жүгіруден жарыс өтті

07.05.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Іс-шара Отан қорғаушылар күніне орай ұйымдастырылған. Қатысушылар демалыс орнының бойымен 1 шақырым жолды жүгіріп өтуге тиіс. Жарысқа еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін қатысқан. Басты мақсат – тұрғындарға саламатты өмір салтын насихаттау, аға мен жас буын арасындағы сабақтастықты нығайту. Іс-шара жергілікті ассамблея қызметкерлерінің қолдауымен өткен.

Бәсекеге барлығы 100-ге жуық адам қатысқан. Олар ең алдымен дене қыздырып, жаттығу жасады, одан соң бірінен-бірі өтіп, жарыс жолында өнерін көрсетті. Спорттық мереке соңында қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью