Жұғысты болсын : Гүлзира Айдарбекова қымбат көлігін көрсетті (видео)

20.10.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Продюсер, әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова жаңа көлігін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.

Продюсер Instagram парақшасында BMW маркалы көлігінің видеосын жариялады.

«Өміріміз оза берсін, көлігіміз тоза берсін. Лүпіл басқан оқырмандарыма жұғысты болсын», – деп жазды Айдарбекова.

Желі қолданушылары продюсердің жаңа көлігін қызу талқылап, пікір жазып жатыр.

«Құтты болсын тұлпарыңыз, осындай өмірге лайықсыз», «Қазақстанда шамамен 38 млн теңге тұратын көлік екен», «Өмірінің жартысын отбасына, ұлы мен келіндеріне арнап, бар мейірімін төккен, шаңырағын шаттыққа толтырған ісмер ана. Енді өз бақыты мен тыныштығы үшін өмір сүріп жатқан нағыз дана әйел», «Көлігіңіз құтты болсын. Балаларыңызды жеткіздіңіз, енді өзіңіз жақсы өмір сүруге лайықтысыз, жұғысты болсын», «Қалай мақтансаңыз да, өз еңбегіңіз. Мұндай әдемі өмірдің артында қаншама еңбек тұрғанын білемін», – деп жазды оқырмандар.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью