Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент ішкі жалпы өнімнің өсуі азаматтардың нақты табысына тікелей әсер етуі керектігін айтты. Бұл ұстаным алдағы кезеңде экономикалық саясаттың бағытын айтарлықтай өзгертуі ықтимал.
Сурет: baq.kz/
Ішкі жалпы өнімнің өсуі әрдайым халық табысының артуына әсер ете бермейтіні белгілі. Сол себепті алдағы уақытта экономикалық саясаттың басымдығы жай ғана пайыздық өсімге емес, нақты табыс деңгейіне, жұмыспен қамтудың сапасына, сатып алу қабілетіне ойысуы мүмкін. Мұндай көзқарас азаматтардың әл-ауқатын мемлекеттік басқару жүйесінің негізгі өлшеміне айналдырады.
Іс жүзінде бұл қадам инфляцияға қарсы шараларды күшейтуге итермелейді. Себебі бағаның өсуі номиналды табыстың ұлғаюын тез арада жоққа шығарады. Осыған байланысты Үкімет пен Ұлттық банктің бағаны тұрақтандыру жолындағы іс-қимылдарын үйлестіруі, нақты тетіктерді іске қосуы ықтимал. Әсіресе күнделікті тұтыну нарығындағы баға қысымы жоғары сегменттерге назар аударта түседі.
Экономикалық саясаттың тағы бір маңызды бағыты – мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың әлеуметтік-экономикалық қайтарымына қойылатын талаптарды күшейту. Салықтық жеңілдік пен субсидия алған кәсіпорындар жалақыны өсіру, жұмыс орындарын ашу мен сақтау, қызметкерлерді оқытуға инвестиция салу тәрізді міндеттемелерді мойнына алуы мүмкін. Мұндай тәсіл бюджеттен берілетін ынталандыру тек табыс пен айналымды көбейтіп қоймай, еңбек жағдайын жақсартуға, қызметкерлер кірісін арттыруға қызмет етуін көздейді.
Нақты табысты өсіру мен жұмыспен қамтуды жақсартуға бағытталған шаралардың нәтижесі бірден байқалмайды. Бұл – уақытты талап ететін үдеріс. Мемлекет халық кірісін тікелей көбейте алмайтынын да ескерген жөн. Нарық дербес жұмыс істейді, ал билік құрылымдарының міндеті – бизнесті дамытуға қолайлы орта қалыптастырып, табыстың өсуіне жол ашатын ынталандыру тетіктерін ұсыну.
Ерділда ТАУТЕНОВ,
«Экономикалық зерттеулер институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары
Соңғы жаңалықтар
Педагогтер халықаралық жарыста топ жарды
Білім • Бүгін, 23:42
Жүйелі де сапалы шаралар керек
Пікір • Бүгін, 08:10
Ата заң жобасы: бірнеше бап нақтыланды
Саясат • Бүгін, 08:05
Ел мүддесін қорғау үшін түбегейлі жаңару мен экономиканы нығайту маңызды
Саясат • Бүгін, 08:00
Астанада 7-сынып оқушысы буллингті анықтайтын жүйе ұсынды
Елорда • Бүгін, 00:06
Азия чемпионаты: Ел құрамасы нысана көздеуден тағы екі алтын медаль жеңіп алды
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Мемлекет басшысы Жапония Премьер-министрін құттықтады
Президент • Кеше
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі
Президент • Кеше
«Таза Қазақстан» • Кеше
Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Бішкектегі халықаралық турнирде бақ сынайды
Күрес • Кеше
Қазақстандық могулшылар Олимпиаданың финалына шығу үшін екінші іріктеу кезеңінде бақ сынайды
Олимпиада • Кеше
Белгілі кәсіпкердің өлімі: Басты күдіктіге сот үкімі шықты
Оқиға • Кеше
Қазақстан биатлоншыларының жекелей сайыстағы нәтижесі қандай?
Олимпиада • Кеше
Баубек Бұлқышев пен Мұқан Иманжановтың шығармашылығына арналған кеш өтті
Аймақтар • Кеше