Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АЛМАТЫ, 31 шілде – Sputnik. Жамбыл облысында төрт теміржолшының өліміне кінәлі қызметкерлерге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Бас прокуратура.
Қайғылы оқиға 2025 жылдың 10 желтоқсанында "Шешенқара – Қаражыңғыл" аралығында болған. Теміржолды жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан бригада мүшелерін жүк пойызы қағып кеткен.
"Жұмыстар жол аралығын жаппай және қажетті қауіпсіздік шараларын сақтамай жүргізілген. Пойыз машинисіне теміржол бойында адамдардың жүргені туралы уақытылы ескертілмеген", – деп хабарлады прокуратура.
Салдарынан төрт қызметкер қаза тауып, тағы екі адам жарақат алған.
Сот үкімімен пойыз диспетчері 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Сарышаған жол дистанциясының екі қызметкеріне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы кесілді.
Сонымен қатар, үшеуіне де теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты қызметпен айналысуға тыйым салынды.