Жүктердің арасына жасырылған 500 млн теңгенің заңсыз тауары тәркіленді

07.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Қостанай облысы "Қайрақ" автомобильдік өткізу пунктінде вейптерді заңсыз алып кірмек болғандар ұсталды, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Оқиға 29 маусымда болған.

"Тыйым салынған 27 624 дана тауар жүк автокөлігінің тіркемесіндегі басқа жүктердің арасынан табылды", - дейді комитет.

Тәркіленген электронды тұтыну жүйелерінің жалпы құны 500 млн теңгені құрайды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью