Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 20 наурыз – Sputnik. Астана – Орал бағытындағы FS7367 рейсінде төтенше жағдай болды, деп хабарлайды FlyArystan әуе компаниясы.
Оқиға 18 наурызда болған.
"Ұшу кезінде жүктіліктің 27-аптасында болған жолаушының жағдайы күрт нашарлады. Борттағы жолаушылар арасынан екі дәрігер экипаждың шақыруына дереу үн қатып, алғашқы медициналық көмек көрсетті", - дейді компания.
Жолаушының жағдайы мен дәрігердің нұсқаулығын ескере отырып, ұшақ командирі әуежайға қайту туралы шешім қабылдады.
"Ұшақ қонғаннан кейін жолаушы жедел медициналық қызмет мамандарына тапсырылды. Кейінірек экипажға ұл баланың дүниеге келгендігі хабарланды. Қазіргі уақытта нәресте дәрігерлердің тұрақты бақылауында", - дейді ведомство.
FlyArystan әуе компаниясы бортта көмек көрсеткен медицина қызметкерлеріне, кәсіби шеберлігі мен үйлесімді әрекеті үшін экипаж мүшелеріне, жағдайға түсіністікпен қарап, қолдау көрсеткен жолаушыларға алғыс білдірді.