Жүктімін : Павлодар облысында сотты алдаған әйел қамауға алынды

03.06.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны мас кезінде көлік жүргізіп, жол апатына түскен, деп хабарлайды олыстық прокуратура.

Кінәлі әйел өзінің жүкті екенін айтып, жалған анықтама жасаған.

"Әйелдің жүргізуші куәлігі болмаған, алкогольдік масаң күйде жол апатына түскен. Сотқа оның жүкті екендігі туралы анықтама ұсынылып, соның негізінде жаза жеңілдетіліп, әкімшілік қамау айыппұлмен ауыстырылған", - дейді прокуратура.

Алайда прокуратура медициналық құжаттың жалған екенін анықтаған. Қылмыстық кодекстің 416-бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.

Ақсу прокуратурасы апелляциялық өтінішхат енгізіп, айыппұлды әкімшілік қамауға ауыстыруды талап етті.

Облыстық соттың апелляциялық алқасының қаулысымен әйел 20 тәулікке қамауға алынды.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью