Жұлдыз Сүлейменова: Балалардың өмірінің үзілуі барша адамзат үшін орны толмас қасірет

02.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Ирандағы ахуал жайыл пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, Иранда орын алған қайғылы оқиға – 160 мектеп оқушы қыздардың қаза табуы туралы суыт хабар ауыр тиген.

– Бейбіт күнде білім алып, болашаққа қадам басуы тиіс балалардың өмірінің үзілуі – барша адамзат үшін орны толмас қасірет. Бала тәрбиесімен айналысатын адам ретінде олар ешқашан қандай да бір қақтығыстың, жанжалдың немесе саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс. Олардың қауіпсіздігі мен амандығы – халықаралық қауымдастық үшін де, әр мемлекет үшін де ең басты құндылықтардың бірі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықаралық мәселелерді әрдайым бейбіт, дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін үнемі айтып келеді. Бұл – адам өмірін, әсіресе балалардың болашағын қорғауға бағытталған салмақты әрі дәйекті ұстаным. Мен бұл көзқарасты толық қолдаймын.

Қаза болған ирандық балалардың ата-аналары мен жақындарына көңіл айтамын, – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью