Жұлдыз Сүлейменова: Мұғалім мәртебесін қорғау ведомствоның стратегиялық басымдығы

17.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жұлдыз Сүлейменова азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, білім саласындағы өзекті құқықтық және әлеуметтік сауалдарға жауап берді. Онлайн және офлайн форматта өткен қабылдауға педагогтер, заңгерлер мен қоғамдық институттардың өкілдері қатысты.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Сала министрі білім беру жүйесін толық цифрландыру — сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың және шешім қабылдау үдерісінің объективтілігін қамтамасыз етудің кепілі екенін атап өтті.

Құжат қабылдау ісін біртіндеп цифрлық форматқа көшіру адам факторын азайтып, меритократия қағидатын нығайтуға мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін министр жергілікті жерлердегі басқару этикасы мен педагогтердің еңбек құқығының сақталуы бойынша мәселе көтерген еді. Кейбір өңірлердегі мектеп басшылары тарапынан болған әкімшілік озбырлық пен заңсыз жұмыстан шеттету деректеріне қатысты Министр қатаң ұстаным білдірген болатын.

Ведомсво басшысы педагогтің құқығын аяққа таптайтын кез келген бюрократиялық кедергі мен жергілікті жердегі қысымға негізделген басқару әдістеріне министрлік тарапынан тосқауыл қойылатынын айтқан еді. Ол әрбір заңсыз шеттетілген маман бойынша тексеру жүргізіліп, әділеттілік қалпына келтірілетінін, әр мұғалімнің тағдыры – мемлекеттік маңызы бар мәселе екенін қадап айтқан болатын.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью