Жұлдызай Ысқақова Қазақстандық қоғамдық даму институты КеАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

19.11.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жұлдызай Амангелдіқызы Ысқақова ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығымен «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жұлдызай Ысқақова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Саясаттану» мамандығын оқыған. Философия ғылымдарының докторы, PhD. 

Бұған дейін ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының кеңесшісі қызметін атқарды. 

Одан бөлек, ол – қоғамдық негізде жұмыс істейтін ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью