Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай қызын ұзатты (видео)

14.08.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Әнші, жұлдызды жұп Мирас Бекжанов пен Құралай Бекжанова қызын ұзатты, – деп жазды Aikyn.kz.  

Ұзату тойында Мирас Бекжанов қызына арнап ән шырқады. Әкенің қызына арнап айтқан әнін тыңдаған көпшілік көзіне жас алды.

Қызды әнші Жазира Байырбекова ұзатып, күйеу жігітке тапсырғанын көруге болады. Осы сәтте әкесі эмоциясын жасыра алмай, көз жасына ерік берді.

Желі қолданушылары жас жұбайларға бақыт тілеп, жылы лебізін білдіріп жатыр. 

 “Әкенің жүрегі ғой”, “Әкесі қызын қатты жақсы көреді”, “Қызыңыз бақытты болсын”, “Бағы ашылсын” деп жазды оқырмандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью