Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағы таныстырылды

18.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, көрнекті жазушы Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық толық шығармалар жинағының тұсаукесері өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шарада қаламгердің 75 жылдық мерейтойына орай «Жылдар мен жолдар…» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ жазушының өмірі мен шығармашылық жолына арналған бейнеролик көрсетіліп, туындыларына шолу жасалды.

Іс-шараға жазушының әріптестері, әдебиеттанушылар, қоғам қайраткерлері, мәдениет және өнер саласының өкілдері, студенттер мен оқырмандар қатысты. Жинақта жазушының жылдар бойы жазған қазақы болмыс, ұлттық құндылық, адамгершілік мәселелері мен өмір шындығы көркем бейнеленген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью