Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Көрнекті жазушы, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Жұмабай Шаштайұлының төрт томдық шығармалар жинағы оқырманға жол тартты.
Таныстырылымда қаламгердің «Жылдар мен жолдар» атты иллюстрациялық кітап көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Жинаққа ақынның таңдаулы повестері мен әңгімелері, «Аяз би», «Қызыл қарт», «Замана илеуі» шығармалары және журналистика саласындағы еңбектері енгізілген.
Айгүл Ісмақова, филология ғылымдарының докторы:
- Төрт том кітапты ашсаңыздар, қазақтың тектілігі. Бұл кісі қазіргі қазақты жазып, қазақтың келіні қандай, қазақтың енесі қандай, ене мен келін қатынасының неліктен қатыгез болып кеткенін 20 жыл бұрын жазып кеткен.