Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов Конституция жобасы туралы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ол бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда стратегиялық шешімдерді көпшілікпен ақылдасып қабылдау әлсіздік емес, керісінше кемелдік екенін атап өтті.
«Конституциялық реформа керек пе? Иә, керек. Себебі уақыт өзгереді, сын-қатер өзгереді, қоғам да өзгереді. Ал елдің басты заңы заманға сай болуы тиіс. Халықпен онлайн талқылап, әр ұсынысты саралап, соңғы шешімді референдум арқылы қабылдау бұл Президентіміздің саяси батылдығы. Бұл жауапкершілікті халықпен бөлісу. Ел тағдырын кабинетте емес, қоғаммен бірге шешу. Бүгінгі күрделі геосаяси жағдайда стратегиялық шешімдерді көпшілікпен ақылдасып қабылдау әлсіздік емес, керісінше кемелдік. Қағаммен әрдайым диалогта болу Президентіміздің басты артықшылығы! Конституция заңгерлердің ғана тілімен жазылған құжат емес. Ол әр азамат оқып, түсінетін, бағыт алатын шамшырақ болуы керек», - дейді кәсіпкер.
Айтуынша, бизнес үшін алдымен тұрақтылық, ашықтық маңызды. Сонда ғана инвестиция келеді, бизнес дамиды.
«Халық түсінбеген заң жұмыс істемейді. Бизнеске не керек? Тұрақтылық. Ашық әрі түсінікті ереже. Әділ ойын алаңы. Сонда ғана инвестиция келеді, сонда ғана даму болады. Референдум тек дауыс беру емес. Бұл елмен сөйлесу мүмкіндігі. Осы науқанды пайдаланып, өңір мен қала басшылары да маңызды шешімдерін халықпен ақылдасып алса ұтарымыз көп, шығын аз. Халық қатысқан шешім берік шешім. Мықты мемлекет халықпен байланысын үзбеген мемлекет. Заң қағазда емес, сенімде өмір сүргенде ғана күшті. Бастысы референдумды халықты бір бағытта біріктіретін іс-шара деп тану керек!» - деді Жұмабек Жанықұлов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.