Жұмыртқа мен сары май қымбаттаған: Жетісуда бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлер жауапқа тартылды

13.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Жетісу облысында Сауда және тұтынушылардың құқықығын қорғау департаменті азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтерген кәсіпкерлерді анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Мониторинг нәтижесінде сауда компанияларының бірі тауық жұмыртқасын өндірушіден бір данасын 50 теңгеден сатып алып, оны жиырмадан астам фирмалық дүкенге 60-75 теңге аралығында сатқан. Сауда үстемесі 20-50%-ға дейін жетіп, рұқсат етілген шектен айтарлықтай асқан. Әкімшілік шаралар қолданылғаннан кейін жұмыртқа бағасы арзандаған. 

Сондай-ақ жоспардан тыс тексеру барысында аймақтағы тағы бір ЖШС сары майды басқа серіктестікке жеткізіп, кейін ол өнімді жеті сауда желісі мен «үй жанындағы» дүкендер арқылы 40-61% сауда үстемесімен сатқан. Бұл көрсеткіштер де белгіленген шектен едәуір жоғары болған. 

Астанада арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?

«Сауда қызметін реттеу туралы» Заңға сәйкес әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесі өндірушінің сату бағасының 15%-ынан аспауы тиіс. Аталған талапты бұзғаны үшін жауапкершілік көзделген, 2025 жылдан бастап айыппұл мөлшері көбейген», делінген сауда және интеграция министрлігі таратқан хабарламада. 

Азық-түлік бағасы тұрақты бақылауда

Жоғарыда аталған жағдайларға байланысты да шаруашылық иелері жауапкершілікке тартылып, айыппұл арқалаған. 

Айта кетейік, жыл басынан бері Жетісу облысында тауар бағасын негізсіз көтеру бойынша 17 материал қаралып, жалпы жиыны 185 975 теңге айыппұл салынған.

ҚҚС өсімі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына әсер етті ме?

Соңғы жаңалықтар

Патрульдік полицияны жасанды интеллект алмастырды

Қоғам • Бүгін, 11:00

Баку – Тбилиси – Джейхан арқылы 110 мың тонна мұнай жөнелтіледі

Экономика • Бүгін, 10:50

Өткен жылы өндіріс 6,4%-ға артты: Қай салалар оң динамика көрсетті?

Қоғам • Бүгін, 10:40

Енді мұнай-газ құбырларын адам емес, дрон күзетеді

Энергетика • Бүгін, 10:38

Астана әуежайында Дубайдан олжалы оралған сарбаздарды салтанатты түрде қарсы алды

Айбын • Бүгін, 10:32

Қызылордада бойжеткеннің соңынан қалмай, аңдыған өгей әкесі темір торға тоғытылды

Аймақтар • Бүгін, 10:20

13 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Ауа райы • Бүгін, 10:02

Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?

Экология • Бүгін, 09:55

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті

Саясат • Бүгін, 09:00

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:58

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Қоғам • Бүгін, 08:55

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью