Жұмыс беруші 100% кінәлі : аяқ қолынан айырылған электрші сотта жеңіп шықты

25.08.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 25 тамыз – Sputnik. Атырауда жұмыс кезінде аяқ-қолынан айырылған электромонтер сотта жеңіп шықты, деп хабарлайды облыстық сот.

"Атырау-Жарық" ЖШС-де электромонтерді 19 желтоқсанда электр тоғы соққан. Оқиға жұмыс кезінде болған.

"Қызметкер электр желісінің тірегінде жұмыс істеп жатқанда тоқты қосып жіберген. Салдарынан ол аяқ пен қолынан айырылған. Арнайы тергеп-тексеру комиссиясы жұмыс берушінің кінәсі - 80%, жұмысшының кінәсі 20% деп бағалаған. Алайда жұмысшы мұнымен келіспеген", - дейді сот.

Соттың мәліметінще, жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу кезінде жұмыс беруші мен жауапты мамандардың тарапынан қауіпсіздік талаптары бұзылған.

"Диспетчерге бригада жұмыс істеу керек учаскеде электр желісін ажырату тапсырылды. Ажыратылғанын растаудан кейін жұмысшылар жұмысты бастады. Алайда бұдан әрі диспетчер осы учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілетіні біле отыра, немқұрайлылықпен желідегі бригада туралы ұмытып кеткен. Ол электр желісінің жұмысқа жарамдылығын тексеру мақсатында желіні қосқан. Салдарынан тіректе тұрған жұмысшының тоқ соққан", - дейді сотта.

Комиссия жәбірленуші қауіпсіздік ережесін өрескел бұзғандықтан жазатайым оқиға болды деп шешім шығарған. Сот бұл шешімді негізсіз деп таныды. Нәтижесінде "Жұмыс берушінің кінәсі - 100%, жұмысшының кінәсі - 0%" деп танылды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью