Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Петропавл сотында бұрынғы судьяларға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шықты. Сотталғандардың қатарында Солтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының бұрынғы төрағасы Бекбол Баймаханов пен Петропавл қаласы №2 сотының экс-төрағасы Ерлан Ибраев бар. Сонымен бірге алматылық заңгер Артем Иванов және өңірге белгілі екі кәсіпкер де жазаға тартылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Тергеу жұмыстары жерге қатысты даулы іс қаралғаннан кейін басталғаны айтылды.
Сот шешіміне сәйкес, Бекбол Баймаханов Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі және 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтыққа оқталу), сондай-ақ 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан мемлекет пайдасына 1,2 млн теңге өндірілетін болды.
Іс материалдары барысында Баймахановтың жұмыс кабинетінде 15 мың доллар (шамамен 7,4 млн теңге) және 466 мың теңге табылған. Бұл қаражат мемлекет қорына аударылады.
Ал бұрынғы судья Ерлан Ибраев Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға сотталды, мемлекетке 2,2 млн теңге қайтару міндеттелді.
Сонымен қатар Гамлет Мелконян – 4 жылға, ал Геворг Погосян – 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ақпарат көздеріне сүйенсек, судья оң шешім шығару үшін 50 мың доллар пара алуды жоспарлаған болуы мүмкін. Кабинеттен табылған 15 мың доллар сол соманың бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.
Соңғы жаңалықтар
Жұмыс кабинетінен 15 мың доллар табылған: Петропавлда экс-судьяларға қатысты үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 17:58
Үстірт қорығында сирек кездесетін жыртқыш аң көзге түсті
Табиғат • Бүгін, 17:55
Гүл мен сыйлық аларда абай болыңыз: Бас прокуратура мереке қарсаңында азаматтарға ескерту жасады
Қоғам • Бүгін, 17:50
Халықтық Конституцияны қолдау коалициясы Ертіс өңірі тұрғындарымен кездесті
Референдум • Бүгін, 17:45
Қостанайлық сарапшылар жаңа Конституция жобасын қолдады
Ата заң • Бүгін, 17:38
Мәулен Әшімбаев Иран халқына көңіл айтты
Әлем • Бүгін, 17:24
Әзербайжандағы дрондар шабуылынан екі адам зардап шекті
Әлем • Бүгін, 17:08
Премьер-министр Щучинск пен Семейдегі өрттен кейін қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 16:50
Валюта бағамы өзгерді: Доллар күрт арзандады
Қаржы • Бүгін, 16:48
Қоғам • Бүгін, 16:41
Иран президенті көрші елдерге үндеу жасады
Әлем • Бүгін, 16:39
Робот Темірбек пен барыс Әділет жастарды жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 16:30
Таяу Шығыс елдерінен бүгінге дейін қанша азамат жеткізілді?
Оқиға • Бүгін, 16:12
Енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады
Инвестиция • Бүгін, 16:02
Ақмарал Әлназарова мереке қарсаңында медицина қызметкерлерін марапаттады
Медицина • Бүгін, 15:57