Жұмыспен қамту аясы кеңейді

26.09.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Биыл қалада 31 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, бүгінде оның 26 мыңнан астамы тиісті қолдауға ие болды. Бұл бағыттағы нақты мүмкіндіктердің бірі – жуырда өткен өңіраралық бос жұмыс орындары жәрмеңкесі.

Еңбек күніне орай ұйымдас­тырылған жәрмеңкеге Шымкент қаласындағы 100-ден астам мемлекеттік және жекеменшік ұйым қатысты. Оның ішінде ин­дустриалды аймақтарда жұмыс істейтін 20 кәсіпорын бар. Жұ­мыс іздеушілерге барлығы 3 100-ден астам бос жұмыс орны ұсы­нылды. Оның 2 мыңға жуығы тұрақты болса, 1 100-і – уақытша жұмыс орындары. Жәрмеңкенің өңіраралық деңгейде өтуі де еңбек нарығындағы мүмкіндік­терді кеңейте түсті. Іс-шараға Абай, Солтүстік Қазақстан, Ұлы­тау және Павлодар облыс­тарынан 20-дан астам делегация қатысып, тұрғындарға жұмысқа орналасу, ерікті түрде қоныс аудару және жұмыспен қамтуды қолдаудың қолданыстағы шара­лары жөнінде кеңес берді.

Жәрмеңкеге қатысқан Шым­кент қаласының әкімі Ға­бит Сыздықбеков еңбек нары­ғындағы сұраныс пен ұсынысты тиімді үйлестірудің маңызын атап өтті. Қала әкімі жұмыс орын­дарын көбейту, тұрғын­дарды тұрақты жұмыспен қамту және еңбек нарығына қажетті мамандарды даярлау қаланың әлеу­меттік-экономикалық дамуын­­дағы басым бағыттардың бірі екенін айтты.

Жәрмеңке жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілердің тікелей байланыс орнатуына мүмкіндік берді. Тұрғындар өздеріне қажетті мамандықтар бойынша ұсыныс­тармен танысып, жұмысқа орна­ласу мүмкіндігін қарастырды. Со­нымен қатар кәсіби оқыту, кә­сіп­керлік бастамаларды қолдау және мемлекеттік жұмыспен қамту бағдарламалары туралы ақпарат алды.

Шымкенттегі жұмыспен қам­ту саясатының негізгі мақ­саты – азаматтарды уақытша еңбекпен ғана қамту емес, тұ­рақ­ты жұмысқа орналастыруға жағдай жасау. 2026 жылдың II тоқсанындағы мәлімет бойын­ша, қаладағы жұмыссыздар саны 22 401 адамды құрап, жұмыссыз­дық деңгейі 4,6 пайыз болды. Жас­тар арасындағы жұ­мыс­­сыздық деңгейі 1,8 пайызды құрады. Биыл қала бойынша 31 398 адамды жұмыспен қамту шараларына қатыстыру жоспар­ланған. 21 қыркүйектегі жағдай бойынша оның 26 412-сі немесе 84,1 пайызы түрлі жұмыс­пен қамту шарасына тартылды. Оның ішінде 16 мыңнан астам адам тұ­рақты жұмыс орындарына орна­ласты.

Жалпы, тұрақты жұмыс орын­дарына 11 427 адамды ор­на­ластыру жоспарланса, қазір 8 575 азамат тұрақты еңбекпен қамтылды. Қалада жаңа жұмыс орындарын құруға да басымдық берілуде. Тұжырымдамалар, даму бағдарламалары және азаматтар­дың жеке бастамалары есебінен 9 446 адамды жұмыспен қамту жос­парланған. Бүгінде оның 7 732-сі жұмысқа жол­данды. Ал жеке бастамалар есе­бінен 6 919 адам­ды жұмыспен қамту жос­пары толық орын­далды.

Жұмыспен қамту шаралары азаматтарды жұмысқа орналас­тырумен ғана шектелмейді. Ең­бек нарығындағы нақты сұра­нысқа сәйкес мамандар даярлау да маңызды бағыттардың бірі. Биыл дағдыларды дамыту бағы­ты бойынша 4 149 адам оқы­тылды. Оның ішінде 450 азамат жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша кәсіби оқуға жіберілсе, 160 адам тікелей жұмыс орын­дарында білім алды. Электрон­дық еңбек биржасы арқылы 3 454 адам онлайн оқытуға қа­тыс­ты. Ал кәсіби біліктілікті тану бағыты бойынша 85 азамат оқып шықты.

Жұмыспен қамтудың тағы бір бағыты –  азаматтардың өз ісін бастауына мүмкіндік жасау. Биыл кәсіпкерлік бастамаларды қолдау шараларына 2 726 азамат тартылды. Оның ішінде 2 623 адам «Бастау Бизнес» жобасы аясында білім алды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға да ерекше қолдау көрсетілуде. Олар­ға 400 АЕК-ке дейінгі мем­ле­кеттік гранттар қарастырыл­ған. Биыл 400 азаматқа грант беру жоспарланса, қазір 103 адам мемлекеттік қолдауға ие болды. Бұл тұрғындардың тек дайын жұмыс орнын күтуіне емес, өз кәсібін ашып, табыс көзін қа­лып­тастыруына мүмкіндік бере­тін тетік.

Жастарды еңбек нарығына бейімдеу де назардан тыс қалған жоқ. Биыл «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында 1 404 адам жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орын­дарына 3 229 азамат жолданса, қоғамдық жұмыстарға 1 479 адам тартылды. Жазғы кезеңде сту­денттер мен мектеп оқушыларын уақытша еңбекке тарту бойынша да жұмыстар жүргізілді. Жұмыс берушілердің өтінімдері негі­зінде 1 маусымнан бастап 298 жас үш ай мерзімге қоғамдық жұмысқа жолданды. Оның 192-сі жоғары оқу орындарының сту­денттері, 106-сы – 16 жастан асқан мектеп оқушылары. Жас­тарға ай сайын 28 АЕК мөл­шерінде, яғни 121 100 теңге кө­ле­мінде жалақы төленді. Мұндай мүмкіндіктер жастардың алғаш­қы еңбек тәжірибесін жинақтап, еңбек нарығына бейімделуіне жол ашады.

Алдағы кезеңде де жаңа жұ­мыс орындарын құру, азамат­тарды тұрақты еңбекпен қамту, кәсіби оқыту мен кәсіпкерлікті қолдау жұмыстары жалғаса береді. Шымкент үшін бұл ба­ғыттың маңызы ерекше. 

Назгүл НАЗАРБЕК,

Шымкент қаласы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью