Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
АЛМАТЫ, 7 қаңтар - Sputnik. Оралда ер адам алаяққа 9 млн теңгеге алданды, деп хабарлайды Батыс Қазақстанда облыстық полиция департаменті.
Оралда "жұмысқа орналастырамын" деп адамдардың сеніміне кіріп, қаражатын қалтасына басқан алаяқ ұсталды.
Күдікті 40 жастағы ер адамды "қызметке тұрғызамын", деп тоғыз миллион теңгеден астам ақшасын иемденіп кеткен. Қаражатты қалтаға басқасын алаяқ зардап шеккен адаммен байланысқа шықпай қойған.
"Қазіргі уақытта бұл факті бойынша 19 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қосымша қылмыстық эпизодтар анықталып жатыр", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары сақ болуға және жұмысқа орналастыру, қызмету көрсету секілді мәселені шешу сылтауымен бейтаныс жандарға қаражат бермеу керектігін ескертеді. Күмән тудырған жағдайда бірден полицияға хабарласу керек.