Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Компания төмендегі лауазымдарға үміткерлер іздейді:
Станциялардың ауысым басшылары;
Станция кезекшілері;
Жылжымалы құрам орталығының қозғалыс диспетчерлері;
Жылжымалы құрам орталығының орталықтандыру бекетінің диспетчерлері;
LRT жабдықтары мен инфрақұрылымын басқару орталығының диспетчерлері;
Дабыл техниктері;
Байланыс техниктері;
Электр монтерлері;
Жол жөндеу учаскесінің шеберлері;
Жабдықтарды жөндеу слесарьлары;
Қойма меңгерушілері.
- LRT жүйесінде жұмыс істейтін болашақ мамандарды оқыту жұмыс беруші есебінен жүргізіледі. Теориялық және практикалық дайындық Қазақстанда және Қытай Халық Республикасында өтеді. Курстың ұзақтығы мамандыққа байланысты 4-6 айды құрайды.
Бағдарлама аяқталған соң қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат табысталып, барлығы LRT бөлімшелеріне жұмысқа орналастырылады, - делінген ақпаратта.
Үміткерлерге қойылатын талаптар:
– көлік, машина жасау, электр техникасы немесе тиісті салалар бойынша жоғары немесе орта-арнаулы білім;
– кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі.
Толық біліктілік талаптары cts.gov.kz сайтында жарияланған. Түйіндемелер осы сайт арқылы қабылданады.
Айта кетейік, Астанада LRT желісі Қосшыға қарай ұзартылады.