Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мансап орталықтары арқылы жұмысқа тұрғызудың жаңа алгоритмін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұдан былай өз бетінше жұмыс таба алмай жүрген үміткерлерге басымдық беріледі. Олар:
әлеуметтік жағдайы төмен азаматтар;
жұмыс тәжірибесі жоқ немесе еңбек өтілінде алты айдан астам үзілісі бар адамдар;
орта және техникалық кәсіптік білімі бар жастар.
"Әрбір осындай азаматты жұмыспен қамтуды қатаң бақылау мақсатында министрлік ақпараттық жүйеге жаңа цифрлық құралдарды енгізді. Енді мансап орталықтары арнайы ақпараттық панель арқылы басым топтағы барлық үміткерді нақты уақыт режимінде аты-жөні бойынша көре алады. Жүйе күн сайынғы динамиканы бақылап, азаматқа қандай нақты қолдау шаралары ұсынылғанын тексеруге мүмкіндік береді", - дейді министрлік мамандары.
Ал жоғары білімі немесе жұмыс тәжірибесі бар азаматтар бұл тізімнен шығарылды.
Айта кетері, еңбек нарығын жан-жақты талдау барсында басымдыққа ие топқа кіретін 93,5 мың адамның жұмыс іздеп жүргені анықталды.