Жұмысшыға қай кезде де сұраныс көп

27.01.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Еңбек нарығының талабына қарай жұмысшыға сұраныс жаз айларында күрт көбейсе, қыста саябырлайтыны бар. Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы ақпаратқа сенсек, желтоқсанда жұмыс берушілер 109,6 мың бос жұмыс орнын жарияласа, жұмыс іздеушілер 71,5 мың түйіндеме орналастырған. Қарашамен салыстырғанда бос орындар саны 8,4%-ға (8,5 мың) артқан, түйіндемелер 29,4%-ға (29,8 мың) қысқарған. Осылайша, жұмыс күшіне сұраныс ұсыныстан асып түсті.

Сұраныс құрылымында бұрынғыдай әлеуметтік, базалық салалар же­текші орынға ие. Мысалы, өткен айда бос жұмыс орны білім саласында көп тіркелді. Нақтыласақ, жұмыс берушілер 23,3 мың орын ұсынса, бұл жалпы көлемнің 21,3%-ын құрайды. Өзге қызмет түрлеріне тиесілі көрсеткіш осыған жуық болды – 23,2 мың бос орын (21,2%). Сол секілді ауыл, орман, балық шаруашылығында да жоғары сұраныс сақталып, 18,7 мың бос жұмыс орны жарияланған (17,1%). Осы үш бағыт желтоқсанда жарияланған барлық бос орындардың шамамен 60%-ын қамтыған. Сондай-ақ денсаулық және әлеуметтік салада (7,2 мың бос орын), өңдеуші өнеркәсіпте (6,2 мың), көтерме және бөлшек саудада (6,1 мың), құрылыс саласында (3,8 мың бос орын) да сұраныс сақталған. Бұл дегеніңіз, жылдың соңына қарай да жұмыс берушілер экономиканың негізгі салалары үшін қызметкерлерді белсенді түрде іздегенін көрсетеді.

Жұмыс іздеушілерге тоқталсақ, кейінгі айларда әлеуметтік және кеңсе жұмысымен байланысты мамандық иелері ерекше белсенді болды. Ең жиі жарияланған түйіндемелер есепшілерге (1 463), заңгерлерге (1 132), мейірбикелерге (1 181) тиесілі. Гендерлік тұрғыдан алғанда, жұмыс іздеушілердің белсенділігі шамалас деңгейде қалыптасқан. Түйіндемелердің 52,1%-ын әйелдер, 47,9%-ын ерлер орналастырған. Әйелдер көбіне білім, денсаулық, бухгалтерия салаларында жұмыс іздесе, ер адамдар техникалық, басқарушылық бағыттарға көбірек қызығушылық танытыпты.

Ескеретін жайт, жастар барлық жұмыс іздеушілердің 40,8%-ын құраған. Оның ішінде 24 жасқа дейінгі жастар – 15,2%. 35-44 жас аралығындағы азаматтар – 29,9%, 45-54 жас санаты – 19,1%, 55 жастан асқандардың үлесі – 10,2%.

Жалақы деңгейі бойынша бос жұмыс орындары арасында ең жоғары ұсыныстар өндіріс басшысы (шамамен 1,8 млн теңге), кеніш директоры (шамамен 1 млн теңге), инженер-химик (шамамен 1 млн теңге) лауазымдарына қатысты тіркелген. Жұмыс іздеушілер тарапынан ең жоғары жалақыны агроном-энто­мологтер (шамамен 3,4 млн теңге), стюардессалар (шамамен 3,3 млн теңге), компьютерлік жабдықты монтаждаушылар (шамамен
2,7 млн теңге) сұраған.

Кейінгі кездері Электрондық еңбек биржасында бос жұмыс орындары көбейіп, жұмыс іздеушілер аса белсенділік танытпаған. Сарапшылар мұны жыл айрығына тән құбылыс деп санайды. Себебі жұмыс берушілер қыста кадр іздеуді жалғастырса, жұмыс іздеушілердің көбі жұмысқа орналасу жоспарын жаңа жылдың басына қалдырады. Демек бұл жағдай маусымдық сипатқа ие. Қаңтардан кейін жұмыс іздеушілердің белсенділігі артып, еңбек нарығында анағұрлым теңгерімді ахуал қалыптасуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

«Australian Open» қызған шақ

Теннис • Бүгін, 08:15

Үш емдеу мекемесі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:10

Жыр алыбымен жүздескен қыз

Тарих • Бүгін, 08:05

Мергенсайдағы білім ошағы

Келешек мектептері • Бүгін, 08:00

Мектебі көбейген мегаполис

Келешек мектептері • Бүгін, 07:55

Ғимарат су жаңа кейіпке енді

Білім • Бүгін, 07:45

Ғасыр жасаған соғыс ардагерін құттықтады

Өшпес даңқ • Кеше

Марат Башимов: Жеке деректерді қорғау Конституцияда бекітілуі тиіс

Қоғам • Кеше

Конституцияға өзгерістер: Белгілі заңгер пікір білдірді

Қоғам • Кеше

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл: Өмір сүру құқығы мен әділ сот – Конституцияның іргетасы

Қоғам • Кеше

Азат Перуашев: Бір палаталы Парламентке көшу – саяси реформаның қисынды жалғасы

Құрылтай • Кеше

Б.Алтынбеков: Конституциялық реформа – дамудың жаңа бағытын таңдау

Қоғам • Кеше

Н.Шаталов: Конституциялық реформа шеңберінде сөз бостандығы және бейбіт жиналыстар құқығы сақталады

Ата заң • Кеше

С.Пономерев: «Таза Қазақстан» – Конституциядағы жаңа жауапкершілік өлшемі

Экология • Кеше

Гүлзира Атабаева: Зайырлы білім – жас ұрпақтың еркін дамуының кепілі

Ата заң • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью