Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері

17.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Сала мамандарының айтуынша, бұл өзгеріс еңбек қатынастары саласындағы жауапкершілікті арттырып, жұмыс берушілердің міндеттерін нақты айқындайды. Бұған дейін бірқатар жұмыс берушілер табысты бірінші орынға қойып, еңбек тәртібін толық сақтамаған жағдайлар кездескен.

Еңбек кодексіндегі жаңашылдық: Жұмыс беруші қызметкерді 3 күнге дейін скринингтен өтуге жіберуге міндеттеледі

Мәселен, Атырау облысындағы мемлекеттік еңбек инспекциясына жыл басынан бері 3 мыңнан астам шағым түскен. Азаматтар негізінен еңбек демалысын бермеу, еңбек шартын жасамау, сондай-ақ түнгі және демалыс күндері атқарылған жұмыс үшін тиісті жалақының төленбеуі сияқты мәселелер бойынша жүгінген.

Еңбек адамының мүддесі – басты назарда

Енді жаңа конституциялық нормаларда бұл талаптар мен жауапкершілік нақты көрсетіліп, құқықтық тұрғыда бекітілді.

Атырау облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті бөлім басшысы Жаңа Ермекқалиева бұл өзгерістердің маңызын атап өтті.

«Конституцияға сәйкес, демалыс күндері немесе түнгі уақытта жұмыс істеген әрбір жұмыскер тиісті еңбекақысын алуға кепілдік алады. Бұл құқық жаңа конституциялық нормалармен нақты бекітілді», деді ол.

Мамандардың пікірінше, жаңа өзгерістер еңбек нарығындағы ашықтықты арттырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы құқықтық теңгерімді нығайтуға ықпал етеді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью