Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Мейрамгүл ИМАШЕВА, Астана қаласы әкімдігі «Еңбек мобильділігі орталығы» жұмыс берушілермен байланыс бөлімінің басшысы:
«Мемлекет жұмыссыз азаматтарға көп қолдау көрсетеді. Соны пайдаланып, еңбек нарығында өз орнын табуды ойлағандар «жұмыссыз» екенін растап, жұмыспен қамтуды қолдаудың мемлекеттік шараларына қол жеткізуге жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуден өтуі қажет. Осыдан кейін ғана жұмыссыз азамат жұмысынан айырылғанына орай әлеуметтік төлем алуға, өзіне лайықты бос жұмыс орындарын іздеп, жұмысқа орналасуға жәрдемдесудің мүмкіндігін толық пайдалана алады. Ол аз десеңіз, мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарына баруға мүмкіндік туады. Осындай жобалардың бірнешеуіне аз-кем тоқтала кетейік.
Жыл сайын 18-35 жас аралығындағы жастар мен әлеуметтік осал топтарға жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 400 АЕК (1 476 800 теңге) көлемінде қайтарымсыз грант беріледі. Оны алуға жұмыссыз ретінде тіркелмесе болмайды. Тіркелген соң «Бастау бизнес» курсынан өтіп, өзінің бизнес-жоспарын қорғауы қажет. Өтініштер business.enbek.kz порталы арқылы онлайн қабылданады. Грант қайтарымсыз негізде беріледі. Бірақ азаматтардан қаражатты тек бизнес-жоспарда көрсетілген мақсаттарға пайдалану талап етіледі.
Жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдары бар азаматтар үміткер бола алады. Жұмысынан айырылған азаматтарға әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 6 айға дейін жалғасуы мүмкін. Төлемнің мөлшері табыстың орташа айлық көлеміне, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.
Мемлекет субсидиялайтын уақытша жұмыс орындарына қатысты да бірнеше жоба бар. Айталық, «Күміс жас» жобасы. Оған зейнет жасқа толмаған, 50 жастан асқан тұлғалар қатыса алады. Жұмыстың ұзақтығы 36 айдан аспайды. Тағы бір үлкен артықшылығы, жобаның мерзімі өткен соң, оған қатысқан тұлғаға зейнетке шыққанша тұрақты жұмыс орны беріледі. Қоғамдық жұмысты мансап орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейді әрі әлеуметтік пайдалы бағытта болады. Сол секілді «Жастар практикасы» жобасымен тәжірибе шыңдап, кейін тұрақты жұмысқа орныққан азаматтардың шоғыры қалыптасты. Бағдарламаның игілігін көрген толқынның алғашқы легі бүгінде еңбек нарығында өз орнын тауып, орнығып үлгерді. Осыған ұқсас «Алғашқы жұмыс орны» жобасына да 35 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады. Осындай, мемлекет субсидиялайтын бастамалардың ішінде «Әлеуметтік жұмыс орындары», «Ұрпақтар келісімшарты» сынды тиімділігін көрсеткен жобалар бар.
Былтыр тек Астана қаласында 10 мыңнан астам азамат жұмыссыз ретінде тіркелді. Оның ішінде 8 мыңнан астамы тұрақты және уақытша жұмысқа орналасты. Бұл қатарда мүгедектігі бар 720 адам жұмыспен қамтылды. Бір сөзбен айтқанда, жобалар жемісін беріп жатыр. Мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың шапағатын көргісі келетін жұмыссыз азамат Enbek.kz порталы арқылы жеке кабинет ашып, «Жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркелу» бөлімінде онлайн өтінім беруі керек. Жұмыссыз ретінде тіркелетін азаматтардың тұрақты жұмысы, табысы болмауға тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Экономика • Бүгін, 08:53
Өндіріс • Бүгін, 08:50
Жұмыссыздарға қандай қолдау бар?
Сараптама • Бүгін, 08:48
Көлік кептелісі шектен шықты: Әрбір жүргізуші жылына кемінде 50 сағат көшеде қаңтарылып тұрады
Қоғам • Бүгін, 08:45
Технология мен ғылымды тоғыстырған
Ғылым • Бүгін, 08:43
Алматы Кремний алқабына айнала ма?
Ғылым • Бүгін, 08:40
Білім • Бүгін, 08:38
Жәдігер • Бүгін, 08:35
Көрме • Бүгін, 08:33
«Алтын ғибадатханада» күйреген сенім
Әдебиет • Бүгін, 08:30
Өнер • Бүгін, 08:28
Сәулелі кеңістіктің секемшіл суреті
Әдебиет • Бүгін, 08:25
Нөкерсіз жүрген, нөсерге төзген
Тұлға • Бүгін, 08:23
Су тасқыны • Бүгін, 08:20
Әдебиет • Бүгін, 08:18