Жүрегімнің ішінде жүрегім : Асанәлі Әшімовтің қызы жантебірентер жазба жариялады

26.12.2025

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Халық әртісі, әйгілі актер Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова әлеуметтік желідегі парақшасына әкесіне арнап жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ол әкесімен бірге түскен суреттерін жариялап, сағынышын жеткізген.

“Әкем… Жүрегімнің ішінде жүрегі. Сізді сөзбен жеткізу қиын. Сағыныш үнсіз, бірақ жүректе ауыр. Амал дәптері әрдайым ашық болсын. Алла жаныңызды жәннатқа кіргізсін, иманыңыз саламат болсын. Жатқан жеріңіз жарық, топырағыңыз торқа болсын. Біз сізді әрдайым сағынып, сүйіспеншілікпен еске аламыз… 21.12.2025”, – деп жазды ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @aboutsagina

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью