Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ұлық мейрам – Наурыз мерекесі қарсаңында елорда аспанын әсем әуен әлдилеп, ерекше бір рухани кештің шымылдығы түрілді. Көктемнің жаңару лебі мен өнердің мәңгілік үні астасқан бұл сәт – шынайы өнер салтанатына айналды. Күмбірлеген күй, сырлы саз, жүрекке жеткен ән – барлығы тоғысып, уақыттың өзін бір мезетке аялдатқандай әсер қалдырды. Бұл – қазақ музыкасының көрнекті өкілі, композитор әрі дирижер Әли Алпысбаевтың мерейтойына арналған тағылымы терең, тағдыры мол шығармашылық кеш.
Суретті түсірген – Игорь БУРГАНДИНОВ
Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының сахнасы дәл осы кеште тек концерт алаңы ғана емес, ұлттық рух пен көркем сезімнің қасиетті ордасына айналды.
Кеш бағдарламасында орындалған «Алаш елі», «Төсбұлақ» күй-поэмалары тыңдарманды терең толғанысқа жетелеп, өткен мен бүгінді жалғаған рухани көпірге айналды. Ал «Әке», «Аққуым болып оралдың ба?», «Жұлдыз – ғұмыр», «Аман болшы, жан ана», «Бақыт вальсі», «Махаббат вальсі», «Қазақ елі» сынды әндер – адам жанының ең нәзік пернелерін дөп басқан туындылар. Бір әнде – әкенің асқақ тұлғасы мен сағынышқа толы бейнесі, бірінде – ананың мейірімі мен шексіз махаббаты, енді бірінде – ғұмырдың өткіншілігі мен өмірдің мәні, тағы бірінде – елге деген перзенттік сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімі өріледі. Аталған туындылар тек музыкалық шығарма ғана емес, олар – өмірдің көркем шежіресі, жанның айнасы.
Композитор шығармашылығының басты ерекшелігі – ұлттық дәстүрдің терең тамыры мен заманауи музыкалық тілдің табиғи үйлесімінде. Ол күйді жаңа қырынан сөйлетті, әнге жаңа тыныс берді, әуенді сезімге айналдырды. Соның арқасында сазгер туындылары уақытпен бірге жаңғырып, тыңдарман жүрегінен орын алып келеді.
Сахна төрінде өнер көрсеткен саңлақтар кештің мазмұнын байыта түсті. Халықаралық байқаулардың лауреаты Медет Есбергенов, «Күреңбел» триосы, сондай-ақ Жомарт Тәкебаев, Мақсат Нұрланов, Талғат Оразаев, Толқын Сқақова, Салтанат Мұратқызы, Шахзод Сана, Сәуле Әлімбетова, Аружан Жалғасова, Жібек Мүсірғалиева сынды өнерпаздар көрерменмен шынайы музыкалық сұхбат құрды. Дәнеш Рақышев атындағы Жетісу облыстық филармониясының эстрадалық-симфониялық оркестрі әр туындыға айрықша бояу беріп, кештің көркемдік деңгейін асқақтатты.
Айтулы концерт тек мерейтойлық есеп емес, көктеммен бірге жаңарған рухтың, өнерге деген іңкәрліктің, ұлттық мұраға деген құрметтің көрінісі болды. Музыка аяқталғанымен, әсері ұзақ сақталды. Себебі Әли Алпысбаевтың әуендері – уақытпен үндескен, жүрекпен сезілетін, халықпен бірге жасайтын құнды мұра. Осылайша, Наурыз мейрамына айрықша сән берген сыршыл концерт жанды тербеген әуеннің, жаңарған өмірдің, мәңгілік өнердің жарқын рәмізіне айналды.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:30
Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Әлем • Кеше
Алматыда екі күнге көлік қозғалысы шектеледі
Аймақтар • Кеше
Президент: Ғылым мен адам капиталы – ел дамуының басты бағыты
Президент • Кеше
Министрлік еліміздегі ең көп сатылатын дәрілерді аталды
Фармацевтика • Кеше
Мемлекет басшысы: Келер ұрпақ мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді
Президент • Кеше
Президент: Адам капиталы сапасын арттыру үшін бәрін жасауымыз қажет
Президент • Кеше
Абай облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Қазақстанда 32 мектеп апатты жағдайда тұр
Қазақстан • Кеше
Астанада 2026 жылы 40 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі
Елорда • Кеше
Ертең елімізде күн райы бұзылады
Ауа райы • Кеше
Университет • Кеше
Президент: Қазақстанның ертеңі сіздердің ғылыми жаңалықтарыңызға байланысты
Президент • Кеше
Мереке күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Кеше