Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жолмен жүру ақысын үнемдемек болып, ақыры жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Жүк көлігінің жүргізушісі ақылы жолмен жүру ақысын үнемдемек болып, ақыры жүргізуші куәлігінен айырылып, қамауға алынды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Сот мәліметінше, ер адам автокөлігінің мемлекеттік тіркеу нөмірін әдейі жауып қойған. Ол осылайша ақылы тасжолдағы автоматты бақылау бекеттерінен ақы төлемей өтуді жоспарлаған.
Алайда мұндай "қулықтарды" оңай анықтайтын жол қозғалысын бақылау камералары заңбұзушылықты тіркеп алды.
Тексеру нәтижесі бойынша жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ақылы жолмен жүру ақысын төлемеу мақсатында нөмірді әдейі жасырғаны үшін оған бір тәулік әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалып, көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айырылды.
Бұған дейін Түркістан облысында жүргізуші көлік нөмірін жасырып, камераларға ерсі ишарат көрсеткені хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Қазақстандағы рейд барысында көлігіне жалған нөмір таққан 500-ден аса жүргізуші анықталды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу