Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 30 қазан – Sputnik. Ақтөбе облысында жүргізуші куәлігінен айырылған адам жолаушы тасымалдаумен айналысқан, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ол "Қауіпсіз жол" жедел-іс-шарасы кезінде Ақтөбе – Астрахань жолында ұсталды.
"Тексеру кезінде көлік жүргізушісінің бұған дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан ол Шұбарқұдық – Ақтөбе бағыты бойынша жолаушылар тасымалдауды жалғастырған", - дейді ведомство.
Шағын автобустың салонында 16 жолаушы болған. Жүргізушіге қатысты әкімшілік іс қозғалды.