Жүргізуші куәлігін заңсыз рәсімдеу: бірнеше өңірде жемқорлық деректері әшкереленді

19.03.2026

Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

ҰҚК мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ауқымды жемқорлық схемасын тоқтатты. Бірнеше өңірдегі мамандандырылған ХҚКО мен «Азаматтарға арналған үкімет» филиалдарының басшылары күдікке ілінді.

2026 жылдың басынан бері Астана қаласы, Ақмола және Павлодар облыстарында автомектептердің қызметін ұйымдастыру және жүргізуші куәліктерін ресімдеу кезінде заңсыз сыйақы алу, сондай-ақ қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері анықталған.

Астанада Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы (ХҚКО) басшысының бұрынғы орынбасары жүйелі түрде пара алу арқылы азаматтарға емтихан тапсыруға және жүргізуші куәлігін алуға көмектескені белгілі болды. Бұл бағытта жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын 60-тан астам дерек процестік тұрғыда құжатталған.

Сонымен қатар, Көкшетау қаласындағы Мамандандырылған ХҚКО мен Екібастұз қаласындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалы басшыларының заңсыз әрекеттерінің жолы кесілді. Олар жалған тұлғалар арқылы емтихан тапсыруды ұйымдастырып, ақшалай сыйақы алған.

Бұдан бөлек, Астана, Шымкент және Тараз қалаларындағы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалдарында жылжымайтын мүлікті қайта тіркеу және ауыртпалықтарды алып тастау барысында лауазымды тұлғалардың өкілеттіктерін теріс пайдаланып, заңсыз баю фактілері анықталған.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

Бүгін, 10:50

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью