Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Бүгін таңғы сағат 09:00 шамасында «Астана – Щучинск» автожолы бойындағы «Астана» ақы алу аймағында Volvo маркалы жүк көлігі қоршауға соғылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға жүргізушінің рөлде ұйықтап кетуі себеп болған, деп жазады Egemen.kz.
Фото: видеодан алынған скрин «ҚазАвтоЖол» АҚ қысқы маусымда жүргізушілерді қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырып отыр.
«Жолдағы басты қауіпсіздік ережелері бойынша шаршаған күйде рөлге отырмау, жол үстінде әр 2–3 сағат сайын тоқтап демалу, жылдамдықты шамадан тыс асырмай, қауіпсіз арақашықтықты сақтау мәселесіне назар аудары керек.
Әсіресе ақы алу пункттерінен кейінгі учаскелерде қозғалыс қарқыны жиілеп, жүргізушіден жоғары жауапкершілік талап етіледі», делінген компания хабарламасында.
Айта кетейік, Петропавл және Астана бағытындағы трассаның Аққайың ауданы аумағындағы учаскесінде төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты тіркелген еді.
2026 жылы жол ережесін бұзғаны үшін төленетін айыппұлдар қалай өседі?